— Қазақстанда үш жылдық бакалавриаттың нақты тәжірибесі бар.
Мысалы: Almaty Management University, Astana IT University студенттері
үш жыл ішінде 240 академиялық кредит игеруде. Бұл тәжірибе 3 жылдық
форматтың жұмыс істейтінінің нақты дәлелі. Үш жылдық формат
бағдарламаны жай ғана қысқарту емес, мәселе сол білім мен құзыретті
тиімдірек оқу траекториясы арқылы меңгеру, — дейді олар Үкімет
жетекшісіне жолдаған депутаттық сауалдарында.
Өйткені отандық бизнесте білікті кадр тапшы. 2035 жылға дейін
Қазақстан экономикасына 2,9 миллион маман қажет болады. Оның 1,8
миллионы – жұмысшы мамандықтары. Бұл мәселе кәсіпорындардың
күнделікті жұмысынан, инвестициялық жобалардың іске асуына дейін
тікелей әсер етеді. Тіпті 2025 жылғы Enbek.kz порталында 1,3 миллион
бос жұмыс орны және 1,4 миллион түйіндеме жарияланған. Бос жұмыс
орындарының 75%-ы білікті мамандарға қатысты болған.
Бұл жалпы әлемдік экономикадағы мәселе. World Economic Forum-
ның дерегіне сәйкес, жұмыс берушілердің 63 пайызы қажетті дағдылары
бар мамандардың жетіспеушілігін бизнестің дамуына кедергі келтіретін
негізгі фактор дейді. 2030 жылға қарай қызметкерлердің 59 пайызына
жаңа дағдыларды меңгеру немесе біліктілігін арттыру қажет болады.
«Сондықтан Ғылым және жоғары білім министрлігі, Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» палатасы және
салалық бизнес өкілдері үш жылда сапалы даярлауға болатын
қолданбалы білім беру бағдарламаларын анықтауы қажет» «Respublica»
партиясы фракциясының депутаттары.
Фото: bairaqmedia.kz



