• RU
Воскресенье, 12 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Жазғы демалыста да балалар оңалту емдерін ала алады

Балалар денсаулығы – ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Балалар жеңілдік санатына кіреді және мемлекет есебінен МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Балаларға Медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымдар тегін медициналық қызмет көрсетеді.

by Jasyn
12/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Жазғы демалыста да балалар оңалту емдерін ала алады
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мектеп медицинасының мәні – білім беру ұйымдарындағы балаларды қа­жетті медициналық қызметтермен қамтама­сыз ету. Бұл жұмыс мектеп немесе бала­бақша орналасқан аумаққа қарасты емхана жауапкершілігінде болады. Бұл үшін мектепте медицина қызметкерінің жабдықталған каби­неттері бар арнайы қызмет құрылады. Профилактикалық тексеру немесе вак­циналау жүргізу үшін мектепке немесе балабақшаға тиісті про­фильдегі дәрігерлер келеді. Мұндай іс-шаралар алдын ала жоспарланады және ата-аналарға алдын ала хабарланады.

Түркістан облысы Созақ аудандық орталық ауруханасының профилактика бөлімі меңгерушісі Ф. Батырбекованың айтуына қарағанда жазғы демалыс кезінде балалар толық медициналық тексеруден өтіп, қажет болса оңалту емдерін де ала алады. Мысалы, массаж, физиотерапия, емдік дене шынықтыру секілді қызметтер МӘМС аясында көрсетіледі.

Оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан балалар дәрігер қабылдауын, анализдер мен тексерулерді, стоматологиялық қызметтерді, оңалтуды, стационарлық емді және жоғары технологиялық медициналық көмекті тегін ала алады.

Мектеп медицинасы аясында балалар профилактикалық тексеруден өтеді, екпе алады және денсаулығына бақылау жүргізіледі. Егер бала мектепте медициналық тексеруден өтпей қалса, оны тіркелген емханасында өте алады.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Д және Е санаттарына жататын азаматтар мен ресми жұмыссыздар жергілікті бюджет есебінен МӘМС жүйесіне енгізілді. Бірақ медициналық көмекке жүгінбеген азаматтардың шартты мәртебесі автоматты түрде тоқтатылып жатыр.

Сондықтан жеңілдік санатында болса да, сақтандырылмаған болып қалған азаматтар кездеседі. Мұндай жағдайда тұрғындар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгініп, мәртебесін нақтылауы керек.

Жалпы алғанда денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасының жаңа стандартын енгізеді: басты назарда – профилактикалық тексерулердің сапасы. Яғни, мектеп медицинасын жаңғырту шеңберінде биыл жаңа стандарттар енгізілуде. Олар оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізуді цифрландыруды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын диагностикалық жабдықтар жиынтықтарымен қамтамасыз етуді және орта буын медицина қызметкерлерін оқытуды көздейді.

«Бүгінде профилактикалық тексерулерді жай ғана өткізу емес, олардың жоғары сапасын қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін медицина қызметкерлерін жаңа тәсілдерге оқытып, оларды заманауи диагностикалық құралдармен қамтамасыз ету қажет», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.

Жалпы, балаларға хирургия, офтальмология, оториноларингология және стоматология бағыттары бойынша профилактикалық тексерулер жүргізуге қатысатын 2054 мейіргерді оқыту жоспарланып отыр. Министрлік мамандарды даярлау барысына апта сайын мониторинг жүргізіп, өңірлерді бұл жұмысты жандандыруға шақырады.

Денсаулық сақтау министрлігінің есептеуі бойынша, мектеп оқушыларына сапалы профилактикалық тексерулер жүргізу үшін медициналық ұйымдарға 900-дан астам жабдық жиынтығы қажет болады.

Мектеп медицинасын цифрландыру да жеке бағыт ретінде жүзеге асырылады. Профилактикалық тексерулердің нәтижелерін автоматты түрде тіркеуге, баланың кейінгі тексерілуін қадағалауға, медициналық ұсынымдардың орындалуын бақылауға және ата-аналарды цифрлық сервистер арқылы хабардар етуге мүмкіндік беретін жүйе құру жоспарлануда.

«Баланың денсаулығы – денсаулық сақтау жүйесінің, білім беру саласының және ата-аналардың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан біз ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, мектеп оқушыларын сүйемелдеудің бірыңғай жүйесін қалыптастырып жатырмыз», – деп атап өтті Мағрипа Ембергенова.

Жаңа тәсілдерді іске асыру мектеп медицинасын заманауи, технологиялық тұрғыдан дамыған әрі ауруларды ерте анықтауға және балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған жүйеге айналдыруға мүмкіндік береді.

фото: BAQ.KZ

 

Tags: Балалар денсаулығыМӘМС
Jasyn

Jasyn

Next Post
6 740 кішкентай пациентке медициналық көмек көрсетілді

6 740 кішкентай пациентке медициналық көмек көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

3 күн ішінде 37 жол-көлік оқиғасы: Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығы жол қауіпсіздігіне қалай әсер етті

3 күн ішінде 37 жол-көлік оқиғасы: Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығы жол қауіпсіздігіне қалай әсер етті

2 года ago
Қазақстанда 23-25 маусымда ыстық ауа-райы күтілуде.

Қазақстанда 23-25 маусымда ыстық ауа-райы күтілуде.

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In