• RU
Среда, 5 августа, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

«Жасыл ел» бағдарламасы: 100 жасты жұмысқа тарту жоспары бар

Егемен еліміздің арайлы ақ таңының барқытты пердесін тек белсенді, білімді де білікті жастар ғана аша алады. Сондықтан да болашағы зор айбынды Қазақстанның сенім артар азаматтары – асқақ рухты алғыр да айбынды жастар десек біз қателеспейміз.

by Jasyn
29/07/2026
in • Жастар саясаты
0
«Жасыл ел» бағдарламасы: 100 жасты жұмысқа тарту жоспары бар
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Жамбыл облысы Байзақ ауданында 14 — 35 жас аралығындағы жастар саны — 27 798 адамды құрайды. Бұл аудан халқының 29,1 пайызы.

Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы Асылжан Құрмановтың айтуынша ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында 2026 жылға 114 305,0 мың теңге қаржы қарастырылған.

Аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірлесіп, ауыл және ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында «Jastarga kenes» жобасы аясында кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, тұрғын үй, құқықтық және психологиялық бағыттар бойынша кеңес беру үшін түрлі сала мамандары тартылып, 46 көшпелі кеңес беру және 48 ашық есік күні ұйымдастырылды. Кеңес беру алаңдарының нәтижесінде жастар мен жас отбасылар «Отбасы банк» арқылы 112 жас тұрғын үй алу және бастапқы жарнаны жинақтау үшін депозит ашты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 23 маман өтінім берді.

Әр түрлі бағытта 1 981 жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселелерін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Ұлттық қор — балаларға» жобасы аясында ауданда 2006-2008 жылы туған 142 жасқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 18 жасқа толған 139 жас қор қаражатын пайдаланды. Оның ішінде 49 жас оқу ақысын төлеуге, ал 90 жас баспана алу мақсатында «Отбасы банк» арқылы депозит ашып, қор қаражатын пайдаланды.

Аудан бойынша уақытша бос жүрген жастардың әлеуметтік мәртебесін анықтау үшін «е-Собес» бағдарламасы арқылы  «Отбасы  цифрлық карта» базасында Д, Е категориялары бойынша есепті мерзімде ауданда 1 336 НИТ санатындағы жастарды құрап отыр. Ауылдық округтердегі жастармен жұмыс жөніндегі мамандар тізімге сай ауыл жастарының тұрғылықты мекен-жайына барып, анықталған категория бойынша адрестік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде, 791 жас өзін-өзі жұмыспен қамтығаны анықталды.

Сондай-ақ, 55 жастың тұрақты жұмысы бар, 24 жас білімгер (студент), мүмкіндігі шектеулі 1 жас анықталса, 1 жастың қайтыс болғаны белгілі болды. Сонымен қатар, анықталған 98 жұмыссыз жаспен «Мансап» орталығы және аудандың «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп, жұмыспен қамту шаралары бойынша жұмыстар атқаруда. Ал қалған 179 жас ауданда тіркелмеген және қазіргі уақытта көрсетілген мекен-жайдан көшіп кеткен жастар болса, 187 жас ресми тіркелмей жұмыс жасап жатқан жастар екені анықталды.

Ауданда уақытша бос жүрген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмыс атқаруда. 2026 жылға бекітілген межеге сәйкес, 100 жасты «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жұмысқа тарту көзделіп, 8000,0 мың теңге қаржы қарастырылған.

Көктемдік маусымдық жұмыстарға 30 жас тартылып, оларға 2 198,944 теңге жалақы төленді. Атап айтқанда, 1 жас уақытша бос жүрген жас болса, қалған 29 жас өз еркімен өтініш білдірген жастар. Жасалынған жұмыс нәтижесінде 7 гектар аумақ тазаланып, 2 тонна қоқыс шығарылып, 100-ге жуық тал-дарақ отырғызылды.

Мемлекеттік жастар саясатының 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау және уақытша бос жүрген жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 6 айында бойынша «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен жалпы 693 іс-шара өткізіліп, оған 18 403 жас қамтылды.

Шынында Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосатын, тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін де осы – жастар!

Фото: nazarmedia

Tags: «Жасыл ел» бағдарламасыДипломмен ауылғажастар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Биыл Байзақта ата-аналарға берілген ескерту 6,5 пайызға төмендеген

Биыл Байзақта ата-аналарға берілген ескерту 6,5 пайызға төмендеген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алматыда «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтті

4 года ago
Қазақстанда карантинге жабылған нысандардың қызметкерлеріне 42 500 теңге төлене ме

Қазақстанда карантинге жабылған нысандардың қызметкерлеріне 42 500 теңге төлене ме

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In