Аудандық полиция бөлімі және білім бөлімімен бірлесіп 40 түнгі рейдтік іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 43 ата-анаға ескерту берілді. Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында 32 түнгі рейдтік іс-шара өткізіліп, 46 ата-анаға ескерту берілген. Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Атап айтқанда, ата-аналарға берілген ескерту саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға төмендеген. Бұл профилактикалық жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бойынша 6 айдың қорытындысымен 55 іс-шара ұйымдастырылып, оған 735 жас қамтылды. Аталған акция аясында 12 гектар аумақ тазаланып, 1,2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2025 жылдың осы кезеңінде 37 іс-шара ұйымдастырылып, оған 556 жас қамтылып, 7,1 гектар аумақтан 1,0 тоннаға жуық қоқыс шығарылған болатын.
— 2026 жылдың 5 мамыр күні ҚР Қарулы Күштерінің құрылған күніне орайластырылған «Рухты жастар» атты әскери-патриоттық байқау ұйымдастырылды, — дейді бұл жөнінде Байзақ ауданы аппаратының басшысы Асылжан Құрманов. — Іс-шараның мақсаты — жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық сезімін қалыптастыру, патриоттық рухты көтеру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және ел мүддесін қорғауға дайын, рухы мықты ұрпақ тәрбиелеу. Аталған байқауға аудан бойынша жалпы саны 17 команда қатысты. Бекітілген ережеге сәйкес байқау қорытындысы бойынша командалық есепте І орынды Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы иеленді. ІІ орын Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының І командасы мен №1 мектеп-гимназиясына бұйырды. ІІІ орынды Сарыкемер гимназия-тірек мектебі, Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының ІІ командасы және Амангелді орта мектебі жеңіп алды. Іс-шара соңында жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен, ақшалай сертификаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жалпы қамтылған жастар саны 197. Жеңімпаз командалар облыстық кезеңге жолдама алып, облыстық «Қайсар» әскери-патриоттық ойындар байқауында жүлделі 1-ші және 3-ші орындарды иеленді.
Ауданда мектеп оқушыларының білім деңгейін арттыру, зияткерлік әлеуетін дамыту және дарынды жастарды қолдау мақсатында жоғары сұранысқа ие «Jaryq Baizaq» интеллектуалды ойыны 14 мамыр күні ұйымдастырылды. Аталған білім бәйгесіне демеушілік еткен АЕС жоғары оқу орны. Ойынға 9–11 сынып оқушыларынан құралған 24 команда, яғни, 156 оқушы қатысты. Ойын жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтармен қатар демеушілер тарапынан оқу ақысына жеңілдік сертификаттары табысталды.
Тағы бір айтары, биылғы жылдың 28 мамыр күні жас отбасылар арасында «Бақыттымын өзіңмен» атты видеоролик байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 15 жас отбасы өтінім беріп, қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты — отбасы құндылықтарын насихаттау, жас отбасылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және өнегелі отбасы үлгісін көрсету. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Тажикеновтар отбасы, ІІ орынды Әмзеевтер отбасы, ІІІ орынды Сейдібаевтар отбасы иеленіп, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, 2026 жылдың 6 айында бұқаралық ақпарат құралдарында жастар саясаты бойынша аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде 58 мақала, әлеуметтік желілерде, оның ішінде Facebook желісінде 1 537 пост, Instagram желісінде 1 837 пост жарияланды. Сондай-ақ республикалық, облыстық және аудандық сайттарда 30 мақала, өзге әлеуметтік желілерде 30 ақпарат, республикалық «Астана» телеарнасында 1 ақпарат жарияланды. Жалпы саны 3 513 жарияланымды құрайды.
Фото: Кең Жылой



