• RU
Четверг, 30 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастар ісі жөніндегі кеңеске төрағалық ету кезегі Қазақстанға өтті

Жақында Арменияның Капан қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты. Іс-шара «ТМД жастар астанасы» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

by Jasyn
30/07/2026
in • Жастар саясаты
0
Жастар ісі жөніндегі кеңеске төрағалық ету кезегі Қазақстанға өтті
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отырыс барысында қатысушы мемлекеттердің өкілдері жастар саясатын дамытудың басым бағыттарын, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жастар бастамаларын қолдау, волонтерлік қозғалысты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапы жастар саясаты саласындағы көпжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қазақстандық делегация ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар қоғамдық ұйымдарының форумына және Кеңес мүшелерінің панельдік пікірталасына қатысты. Басқосуларда ТМД елдерінің жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары сөз болды.

Жиын қорытындысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық ету кезегі Қазақстанға өтті.

Ал, Павлодар облысында қолжетімді және инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған EduBridge: Global Volunteer Forum for Inclusive Learning халықаралық волонтерлер форумы өтітп. Іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь және Қырғыз Республикасынан келген сарапшылар мен волонтерлік ұйымдардың өкілдері жиналды.

Форумның екінші күні Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ұйымдастырылып, жиында экологиялық волонтерлікті дамыту мәселелері айтылды. Эко-тимбилдинг аясында қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты. Кездесудің негізгі тақырыбы – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы.

Мұндай іс-шаралар экологиялық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге, волонтерлік қозғалыстың аясын кеңейтуге және мемлекет, азаматтық қоғам мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Иә, бүгінде елімізде жастар саясатына ерекше көңіл бөлініп, жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті, білімді, жауапты әрі ел дамуына өз үлесін қоса алатын жаңа буын қалыптастыру. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу, кәсіпкерлікті дамыту, құқықтық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, еріктілік мәдениетін қалыптас- тыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Бұл бағытта Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Меркі ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытындағы жұмыстар 2026 жылдың І жартыжылдығында жоспарлы түрде жүргізіліп, жастардың жан-жақты дамуына, жұмыспен қамтылуына, құқықтық сауаттылығының артуына және қоғамдық белсенділігінің өсуіне бағытталған бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.

Бүгінде аудан халқының 26 мыңнан астамы немесе 30,4 пайызын 14-35 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл көрсеткіш жастар саясатын тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын арттыра түседі. Жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, білім алуға және қоғамдық өмірге белсенді тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Жұмыссыз жүрген жастар – халықтың ең әлжуаз, осал буыны, ол қоғам мен мемлекетке үлкен қауіп төндіруі бек мүмкін.  Бұл ретте ауданда жыл басынан бері 433 жас тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылды. Оның ішінде жастар практикасына – 40, қоғамдық жұмыстарға – 58, ал бос жұмыс орындарына 335 жас еңбекке тартылды. Сонымен қатар аудандық «Мансап» орталығымен бірлесіп 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 250-ге жуық тұрғын мен жұмыссыз жастар қатысты. Жәрмеңке нәтижесінде көптеген жастар тұрақты жұмыспен қамтылып, кәсіби оқыту мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер алды.

«Жасыл ел» еңбек жасақтары да өз жұмысын жалғастыруда. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 65 жас маусымдық жұмыспен қамтылып, аудан аумағында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 22 800 шаршы метр аумақ тазартылып, 38,9 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.

Сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жыл басынан бері 95 іс-шара өткізіліп, оған 3 383 жас қатысты. Сонымен қатар «Қоғам сақшысы» жобасы аясында полиция қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының мамандары бірлесіп 32 түнгі рейд ұйымдастырды. Атқарылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде жастар арасындағы құқық бұзушылық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 2025 жылғы 27 жағдайдан 2026 жылы 17 жағдайға дейін азайды.

Нашақорлықтың, лудоманияның және өзге де зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жылдық жоспардың алғашқы жартыжылдықтағы көрсеткіші артығымен орындалды. Бұл бағыттағы іс-шаралармен 3 346 жас қамтылып, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Иә, қалай айтсақ та, жастар – елдің ең белсенді, жаңашыл әрі жасампаз күші. Кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағы жастардың білім деңгейіне, азаматтық ұстанымына, еңбекқорлығына және қоғамдық белсенділігіне тікелей байланысты. Сондықтан жас буынды қолдау, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, сапалы білім мен тұрақты жұмыспен қамту, патриоттық рухын қалыптастыру және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.
Фото: Elordainfo.kz

 

Tags: волонтерлік қозғалысты дамытуЖамбыл облысы Меркі ауданыжастар саясатжастарды жұмыспен қамту
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда республикалық жастар сенбілігі өтті

Таразда республикалық жастар сенбілігі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Еліміздегі қант зауыттары жаңғыртылмақ

Еліміздегі қант зауыттары жаңғыртылмақ

4 года ago
Міндет – сапалы өнім шығарып, сыртқы нарыққа да ұсыну

Міндет – сапалы өнім шығарып, сыртқы нарыққа да ұсыну

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In