Тараз қалалық жастар ресурстық орталығымен NEET санатындағы жұмыссыз жастар арасында жоспарға сәйкес 43 іс-шара ұйымдастырылып, 1580-ге жуық жас қамтылды. Оның ішінде 6 кеңес беру алаңдары мен 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері нәтижесінде 1416 жас бос жұмыс орындарына орналастырылды. Жастар тәжірбиесі арқылы 89 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар 336 жас, 7 жас әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды.
Бүгінгі таңда «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі соңғы жаңартуға сәйкес 2 856 жасы NEET санатындағы жұмыссыз жас ретінде анықталды. Атап айтар болсақ, Д санатында 2114 отбасы бар, оның ішінде 2291 жұмыссыз жастар және Е санатында 541 отбасы тіркелген, оның 565-і жұмыссыз жастар.
Бүгінгі таңда аталған санатағы жастарға адрестік жұмыстар жүргізіліп 486 жастың деректері анықталды. Оның ішінде 155 жас Тараз қаласына жатпайтындар, 8 жас 1-2 тобындағы мүгедектер, 3 жас 3 тобындағы мүгедект, 7 жас туылғанынан мүгедектігі бар, 30 адам мекенжайы бойынша тіркелмеген, 9 жаста жеке кәсіпкерлік (ИП), ЖШС бар. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлік (ИП), ЖШС жастарға әлеуметтік аударымдары мен салықтарын төлеу қажеттілігі жайлы түсіндірілді.
Сондай-ақ, биылғы жылы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 161 іс-шара ұйымдастырылып 19 мыңнан аса жас қамтылды. Оның ішінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында 49 іс-шара, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 70 іс-шара, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 42 іс-шара ұйымдастырылды.
Жамбыл облысы полиция департаменті есіркі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағында 250 локация бойынша граффити жазулары өшірілді. Айта кетейік, 2025 жылы 201 локация бойынша өшірілген болатын.
Алайда есірткі заттарын тұтыну нәтижесінде психикалық және мінез-құлық ауытқушылығымен есепте 477 жас тұр. Былтырғы 559-ды құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 17 пайызға төмен.
2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жалпы 14-35 жас аралығындағы жастармен жасалған 284 қылмыс тіркеліп отыр. 2025 жылы 294 қылмыс тіркелгенболатын. Айта кететін жәйт, қылмыс жағдайы былтырғы жылмен салыстырғанда 10 қылмысқа, яғни 3,5 пайызға азайып отыр. Оның ішінде қоғамдық орындарда қылмыс жасағандар 11,4 пайызға (2025 жылы — 140, 2026 жылы — 124), кісі өлімі және кісі өліміне шабуыл фактісі бойынша 87,5 пайызға (2025 жылы — 8, 2026 жылы — 1), зорлық және зорлыққа шабуыл бойынша 33 пайызға (2025 жылы — 3, 2026 жылы — 2), тонау фактісі бойынша 41 пайызға (2025 жылы — 12, 2026 жылы — 7), ұрлық фактісі бойынша 29,3 пайызға (2025 жылы — 75, 2026 жылы — 53) төмендеп отыр.
Сонымен қоса қала бойынша суицид көрсеткіші де былтырғы жылмен салыстырғанда 17,8 пайыз азайып отыр. 2025 жылы жалпы саны 28 факті тіркелген болса, жыл басынан 23 факті тіркеліп отыр. Оның ішінде былтырғы жылы 15 факті өліммен аяқталса, биылғы жылы 8 факті өліммен аяқталған. Бұл ақпарат ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен алынды.
Бүгінгі таңда полиция есебінде 14-18 жас аралығындағы 54 жасөспірім және 46 студент, жалпы 100 жас полиция есебінде тұр, ал пробациялық есепте 96 жас тіркеуде. Полиция есебіндегі жасөспірімдерді әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу мақсатында қоғам белсенділері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым мүшелерінен тұратын менторлар жасақталып жұмысы үйлестірілуде.
Сонымен қатар жыл басынан жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзышулықты болдырмау мақсатында 20 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 40 кәмілетке толмағандардың ойын-сауық орындарда жүруі, 35 жасөспірімдердің түңгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуы тіркеліп, 55 хаттама толтырылды. Оның ішінде 51 ата-анаға ескертулер, 5 ата-анаға айыппұл салынды.
Фото: kazinform



