• RU
Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық

Жамбылда 2 378,8 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, бюджетке толық өндірілді

Қаржылық сауаттылық – қаржыны тиімді басқаруға мүмкіндік беретін білім. Оның мақсаты жалпы қаржы саласына деген дүниетанымды кеңейту, сол арқылы жаңа мүмкіндіктерді ашу және қаржылай зиян әрі шығын келтіретін жайттардан сақтандыру.

by Jasyn
26/07/2026
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық
0
Қаржылық сауаттылық — қарапайым ұғым
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ширек ғасырдан бері әлемдік қауымдастық қаржылық сауатсыздықпен күресу ісіне ерекше ден қойып келеді. Бұл іске біздің еліміздің көрші мемлекеттер арасында алғашқылардың бірі болып кіріскені бар. Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын көтеруге арналған мемлекеттік бағдарлама да қабылданды.

Жалпы мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады. Өз кезегінде, қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалауға негізделген мемлекеттік аудиттің түрі болып табылады.

Иә, кез келген мекеменің қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижелері мен ақша ағынын бағалауда қаржылық есептілікке тексеру жүргізудің тиімділігі зор. Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында «Қаржылық есептілік аудиті» атты рәсімдік стандарт бар. Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты – бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік мекемелер әкімшілерінің (ҚР Ұлттық банкінен басқа) қаржылық есептілігінің шынайылығын растау.

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, сондай-ақ, 14 аталған Басқармаларға бағынысты мекемелерде қаржылық есептілік аудиті жүргізілді.

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің басшысы Марат Егембердиевтің  айтуына қарағанда жүргізілген қаржылық есептілік аудиті нәтижелері бойынша жалпы сомасы 6 715,0 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 5 747,9 млн теңгесі қаржылық бұзушылықтар, оның 5,3 млн теңгесі бюджетке өтелуге жатады (5,3 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 100 пайызды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 5 742,6 млн теңге (бухгалтерлік есеп көрінісмен қалпына келтірілгені – 5 741,6 млн теңге және мекеме шотына құю арқылы қалпына келтірілгені 1,0 млн теңге, яғни 100 пайызды құрайды), 967,1 млн теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 8 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 лауазымды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 238-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, жалпы сомасы 2 378,8 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, бюджетке толық өндірілді.

Департаментпен қаржылық есептілік аудитін жүргізу барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп жүргізуінде бухгалтерлік операцияларды уақтылы есепке алмау, активтер мен міндеттемелерді, табыстар мен шығындары есепте дұрыс танымау т.с.с кемшіліктер орын алған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамыр- дағы № 223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 22 тармағына сәйкес, өздерінің есептік ақпараттық жүйесінен күн сайын интеграциялық сервистер арқылы бухгалтерлік операциялар бойынша БО БДҚ-ға деректерді беруді жүзеге асырады талаптары сақталмайды.
Сондай-ақ Қағидалардың 3 тармағы 35) тармақшасының талаптары сақталмай, яғни бухгалтерлік есеп әдісі болып танылған есептеу әдісі қатаң сақталмайды, яғни операциялар мен оқиғалар орын алған есепті кезеңдегі (ақшалай қаражаты мен олардың баламаларының нақты түсімі мен төлеміне байланысты емес) оларды жасау фактісі бойынша уақтылы танылмайды.

Мекемелермен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік арасында интеграция қатаң сақталмайды. Аталған бұзушылықтар қаржылық есептіліктің анықтығына, қаржылық жай-күйіне кері әсер етеді.

Яғни, мекемелер басшылығы тарапынан, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамалар талаптарын қатаң басшылыққа алу қажеттігін көрсетеді.

Бүгінгі таңға, қаржылық есептілік аудиті қорытындысы бойынша берілген Департаменттің ұсынымдары мен анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалары толық орындалып, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер жойылған.

Фото: OpenNews

Tags: АудитБюджет қаражатыҚаржылық сауаттылық
Jasyn

Jasyn

Next Post
Салық есептілігінің көлемі бірден 30 пайызға қысқарды

Салық есептілігінің көлемі бірден 30 пайызға қысқарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Таразда грант сатқан колледж директорына айыппұл салынды

Таразда грант сатқан колледж директорына айыппұл салынды

2 года ago
Бағдат Мусин отбасындағы қуанышты жаңалығы туралы айтты

Бағдат Мусин отбасындағы қуанышты жаңалығы туралы айтты

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In