• RU
Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты

Салық есептілігінің көлемі бірден 30 пайызға қысқарды

Жасыратыны жоқ, бүгінде салық жүйесі – бүкіл мемлекеттік басқарудың өзегіне айналды. Егер бюджетте қаражат жеткіліксіз болса, мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін толық орындай алмайды. Ал Қазақстан жағдайында бұл мәселе аса өзекті, өйткені бюджет шығыстарының жартысынан астамы әлеуметтік салаға бағытталған.

by Jasyn
26/07/2026
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты
0
Салық есептілігінің көлемі бірден 30 пайызға қысқарды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы қажеттіліктерді ескере отырып, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Бұл құжат салық жүйесін тек жаңғыртып қана қоймай, оны нақты көрсеткіштер арқылы тиімді әрі әділетті етуге бағытталған. Мәселен, жаңа кодекс нәтижесінде салық есептілігінің көлемі бірден 30 пайызға қысқарып, салықтардың жалпы саны 20 пайызға азайды. Бұл бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені айтарлықтай төмендетіп отыр. Салық реформасының маңызды бағыттарының бірі – қосылған құн салығын қайта қарау. Енді қосалқы құн салығының базалық мөлшерлемесі 16 пайыз деңгейінде белгіленді. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар салаларға жеңілдіктер сақталды: дәрідәрмек пен медициналық қызметтерге 2026 жылдан бастап 5 пайыз, ал 2027 жылдан бастап 10 пайыз мөлшерлеме қолданылады. Ал тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы қызметтер бұл салықтан толық босатылды.

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ерлан Нұрмаханбетовтың айтуынша ҚҚС бойынша тіркеу шегі де қайта қаралып, 10 мың АЕК-ке, яғни шамамен 40 миллион теңгеге дейін төмендетілді.

– Жеке табыс салығы жүйесінде де түбегейлі өзгерістер бар. Бұрын барлық азаматтар табысына қарамастан 10 пайыз төлесе, енді прогрессивті шкала енгізілді. Яғни жылдық табысы 8,5 мың АЕК-тен, шамамен 33,4 миллион теңгеден аспайтын азаматтар бұрынғы мөлшерлемемен салық төлей береді, ал осы шектен асатын табысқа 15 пайыздық мөлшерлеме қолданылады. Сонымен қатар салық салынбайтын табыс мөлшері де ұлғайып, бұрынғы 14 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін өсті. Бұл шамамен айына 140 мың теңгеге дейін табыс табатын азаматтардың салықтан толық босатылуына мүмкіндік береді. Әлеуметтік осал топтар үшін де қолдау күшейіп, 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған шегерім көлемі 882 АЕК-тен 5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Кәсіпкерлік сектор үшін де нақты әрі маңызды өзгерістер енгізілді. Шағын бизнеске арналған жаңа біріктірілген режим бойынша жылдық табыс шегі 600 мың АЕК-ке дейін, яғни шамамен 2,4 миллиард теңгеге дейін белгіленіп, қызметкерлер санына шектеу алынып тасталды. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 4 пайыздық бірыңғай төлем енгізілді. Оның құрамына зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру төлемдері кіреді, әрі бұл санаттағы азаматтар үшін жеке табыс салығы мүлде алынбайды, – дейді ол.

2021 жылдан бастап Қазақстанда кәсіпкерлік саласын жаңғыртуға бағытталған жаңа реттеушілік саясат аясында «таза парақтан реттеу» қағидаты кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл бастаманың басты мақсаты – бизнесті артық т алапт ар мен бюрократиялық кедергілерден босату. Нәтижесінде 128 мың талап қайта қаралып, олардың ішінен 10 мыңнан астамы жаңа саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмегендіктен толықтай жойылды. Реформалар мұнымен шектелмей, 2024 жылы екінші түзетулер пакеті қабылданып, заңнамаға шамамен 400-ге жуық өзгеріс енгізілді. Осы өзгерістер аясында мемлекеттік бақылау жүйесі де жаңаша форматқа көшіп, тексеруден гөрі алдын алу шараларына басымдық беріліп отыр.

Кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік қысымды азайту мақсатында Smart Data Ukimet платформасы негізінде «Гильотина» деп аталатын реттеуші тетік іске қосылды. Бұл жүйе арқылы тізілімнен шығарылған немесе уақытында жойылмаған талаптарды бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Яғни, бизнес үшін негізсіз талаптарды қолдану тәжірибесіне шектеу қойылып отыр. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстар өңірлік деңгейде де жалғасуда.

Аймақтарда қолданыстағы талаптарға ревизия жүргізіліп, жергілікті маңызы бар нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралуда. Соның нәтижесінде базалық талаптардың жаңа тізбесі қалыпт астырылып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан Міндетті талаптар тізілімін толықтырудың нақты кестесі бекітілді. Сонымен қатар бизнестің әкімшілік жүктемесін одан әрі жеңілдету үшін «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңға да өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, өзектілігін жоғалтқан рұқсат түрлерін алып тастау және кейбір рұқсаттарды беру мерзімдерін қысқарту көзделген. Бұл кәсіпкерлер үшін қажетті құжаттарды алу процесін едәуір жеңілдетіп, уақыт пен ресурсты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, бұл шаралар салық реформасымен қатар іске асып, елдегі кәсіпкерлік ортаны жақсартуға, бизнестің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі болып отыр. Елімізде салық саясатын дамытуда әділдік қағидаты да маңызды орын алады. Яғни, әрбір азамат пен кәсіпорын табысына қарай салық төлеуі тиіс. Осы мақсатта прогрессивті салық салу элементтерін енгізу мәселесі жиі талқыланып келеді. Бұл табыстар арасындағы теңсіздікті азайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болуы мүмкін.

– Салықтық әкімшілендіру де айтарлықтай жеңілдеді. Енді декларацияларды автоматты түрде толтыру мүмкіндігі қарастырылып, тексерулер жүйесі толық өзгерді. Жоспарлы тексерулер жойылып, бақылау тек тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар салық берешегіне қатысты нақты шектер енгізілді: егер қарыз 20 АЕК-тен аспаса, тек ескерту мен өсімпұл қарастырылса, 20 мен 45 АЕК аралығында төлем талап етіледі, ал 45 АЕК-тен асқан жағдайда ғана қатаң шаралар қолданылады. Қарыз көлемі 27 мың АЕК-тен асып, үш ай бойы өтелмеген жағдайда ғана шетелге шығуға шектеу қойылады, – дейді Ерлан Нұрмаханбетов.

Фото: Salyq-gazet

Tags: бюджетсалық жүйесі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджет қаржысы өз мақсатына жұмсалуда

Бюджет қаржысы өз мақсатына жұмсалуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ресейлік карталарға шектеу: Қазақстандық банктер өз тұтынушыларына мәлімдеме жасады

Ресейлік карталарға шектеу: Қазақстандық банктер өз тұтынушыларына мәлімдеме жасады

4 года ago
Тәжікстанның жеміс-жидегіне таласқан жұртты көріп жағамызды ұстаған едік

Тәжікстанның жеміс-жидегіне таласқан жұртты көріп жағамызды ұстаған едік

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In