Осылайша соңғы бірер жылдың бедерінде көне шаһар – Таразды көркейту бағытында ілкімді істер қолға алынып келеді. Бұл мәселе қаланы өркендетуге арналған даму жоспарында айқын көрініс тапқан. Аталған жұмыстар бойынша Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев те нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру аясында 2024 жылы Төле би даңғылы бойындағы 12 тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды. Ал өткен жылы Абай даңғылы, Әйтеке би және Қазыбек би көшелеріндегі 15 тұрғын үйдің сырт келбеті жөнделіп, қала көркін арттыра түсті.
Биыл бұл жұмыстар Ы.Сүлейменов, Желтоқсан және Абай көшелерінде орналасқан тағы 9 көпқабатты тұрғын үйде жалғасуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде Тараз қаласы заманауи, көрікті әрі тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы қалаға айналуда.
Айта кетейік,
«Тараз» ӘКК АҚ» өз жұмысын жан-жақты іздену арқылы жетілдіріп келеді. Соның бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қаржыландыруда «Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату» бағдарламасын қолға алды. Мәселен, 2025 жылы аталмыш бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға 9,3 миллиард теңге бөлініп, көкөніс қоймаларын салуға – 4, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге – 4, қой шаруашылығы фермасын құруға – 1, балық шаруашылығын ұйымдастыруға – 1, құс шаруашылығында асыл тұқымды құстарды өсіруге – 1 жоба қаржыландырылды. Қазіргі таңда осы бағдарлама аясында бір көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды.
Аталған жобалардың арасында жылдық қуаттылығы 10 миллион жұмыртқа шығаратын заманауи құс шаруашылығында асыл тұқымды құстарды өсіру кешені жобасын айрықша айтуға болады. Бұл жоба осы саладағы генетикалық потенциалды нығайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге және ішкі нарықты жоғары сапалы отандық инкубациялық материалмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жобаның аяқталу мерзімі 2026 жылдың 30 желтоқсанына жоспарланып отыр. Сондай-ақ 10 000 орынға арналған заманауи қой фермасын құру жобасының да жұмысы қарқынды жүргізуде. Бұл жоба мал шаруашылығы саласын дамытуға, сапалы ет пен жүн өндіруді арттыруға, осы арқылы ішкі нарықты жоғары сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның іске асырылу мерзімі – 2026 жылғы 30 желтоқсан. 2026 жылға аталған бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөліну жоспарлануда.
Бүгінде осы қаражатты игеру үшін қажетті өтінімдер жинағы қалыптастырылды. Облысымызда агроөнеркәсіптік кешен жобаларын іске асыру нәтижесінде сүт өндірісі жылына 12 мың тоннаға артып, сүт өнімдері импортын алмастыруға ықпал етпек, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау көлемі 86 мың тоннаға артып, отандық өнімді маусымаралық кезеңде сақтау және сату арқылы бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар өңдеу көлемінің 16 мың тоннаға артуы қалдық өнімдер мен артық шикізатты тиімді пайдалануға, жергілікті кәсіпорындардың жүктемесін арттыруға және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізеді. Суармалы жерлердің ауданы 690 гектарға ұлғайып, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттыруға оң әсер етеді. Қазіргі таңда өңірде осы бағдарлама аясында 183 тұрақты жұмыс орны құрылған.
Шу қаласында бюджет қаржысына көптеген игі істер атқарылып, бюджет қаржысы мақсатты игерілуде.
– Биылғы жылға қаланың бюджеті 1 миллиард 456 миллион теңге болса, оның ішінде өзіндік кірісі – 1 миллиард 164 миллион теңге, аудандық бюджеттен бөлінгені – 292 миллион теңге. Жалпы алғанда, үш жыл ішінде қаланың өзіндік кірісі шамамен екі есеге жуық артқан. Бұл өз кезегінде қаланың экономикалық әлеуетінің нығайып, кіріс көздерінің кеңейгенін және жергілікті бюджеттің сыртқы трансферттерге тәуелділігінің біртіндеп азайып келе жатқанын көрсетеді. Ал өткен жылға қаланың бюджеті 1 миллиард 381 миллион теңге болса, оның ішінде өзіндік кіріс 959 миллион теңгені құраса, аудандық бюджеттен 422 миллион теңге бөлінген. 2024 жылға қаланың бюджеті 1 миллиард 259 миллион теңге болса, оның ішінде өзіндік кіріс – 592 миллион теңге, аудандық бюджеттен бөлінгені – 460 миллион теңге. Облыстық бюджеттен қаралғаны 200 миллион теңге болатын, — дейді Шу қаласының әкімі Елдос Нұралиев.
Бүгінгі күні Шу қаласындағы тұрғын саны 45249 адамды құрайды. Аула саны – 10116. Қала 1960 жылғы 25 маусымда құрылған, жалпы аумағы – 5615,31 гектар. Қаланың аумағы 8 тұрғын алқапқа бөлінген.
Өткен жылы қаладағы 17 көшеге жалпы сомасы 143,2 миллион теңгеге түнгі жарықтандыру орнату және электр бағаналарын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Ал биыл тоғыз көшеге түнгі жарықтандыруды орнату және электр бағаналарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ойын және спорт алаңшаларына тоқталсақ, қалада бір спорт кешені, екі футбол ойнайтын үлкен стадион, он бір шағын спорт алаңша, 37 балалар ойын алаңы және екі волейбол мен баскетбол алаңы бар. Биыл 9 жерге балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүзеге асырылатын болады. Жобалардың жалпы құны – 151,5 миллион теңге. Бүгінгі күнге мердігерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Фото: BAQ.KZ



