Полиция қызметкерлерімен 291 жүргізуші тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұндай көліктерге жанармай тасымалдауға арналған қосымша жабдықтар орнатылғаны белгілі болды.
Тағы 132 жүргізуші осыған ұқсас құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7 және 10-бөліктерімен жауапқа тартылды.
Өңірде тамыз айының өзінде заңсыз жанармай тасымалдаудың 106 дерегі тіркелді. Оның 64-і тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқаруға, 42-сі осындай құқық бұзушылықты қайталап жасауға қатысты орын алған.
Барлығы 423 көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция көлік құралын белгіленген талаптарды бұза отырып қайта жабдықтап, оны жанармай тасымалдау үшін пайдаланудың заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын қатаң ескертеді.
Фото: Juzmedia


