• RU
Среда, 2 сентября, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Жаңа оқу жылында су саласы мамандықтары бойынша 840 студент білім алуды бастады

2026-2027 оқу жылында 840 бірінші курс студенті жоғары оқу орындарында су саласына қатысты мамандықтар бойынша білім ала бастады. Осылайша, Қазақстан университеттерінде су шаруашылығы мамандықтарын меңгеріп жатқан студенттердің жалпы саны 3 мыңнан асты.

by Jasyn
01/09/2026
in Топ
0
Жаңа оқу жылында су саласы мамандықтары бойынша 840 студент білім алуды бастады
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақытта орта арнаулы оқу орындарында 800-ден астам адам оқиды. Олардың жүзден астамы жаңа оқу жылы басталар алдында оқуға түсті.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын оқу орындарының саны артты. Мысалы, 2023 жылы республикада болашақ су шаруашылығы мамандарын даярлайтын 9 жоғары оқу орны мен 6 колледж болса, бүгінде су шаруашылығы саласының мамандарын 13 университет пен 10 орта арнаулы оқу орны даярлайды.

Сондай-ақ су саласының мамандықтары бойынша оқуға түсетін талапкерлерге арналған білім беру гранттарының саны да артты. Атап айтқанда, 2023-2024 оқу жылындағы 262 гранттан 2024-2025 оқу жылында 390 грантқа дейін, ал өткен оқу жылында 1000 грантқа дейін көбейді.

Сонымен қатар «Қазсушар» РМК кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер саны да артып келеді. 2024 жылы тәжірибеден 82 студент өтсе, 2025 жылы – 470, ал биыл 700-ден астам студент өндірістік тәжірибеден өтті.

Солтүстік Қытай электр энергетикасы университетімен, Венгриядағы Корвинус және Обуда университеттерімен, сондай-ақ Өзбекстандағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қос дипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.

«Қазақстанның барлық оқушысын, студенттері мен педагогтерін Білім күнімен құттықтаймын. Жаңа оқу жылында табыс тілеймін. Бүгін алған білім болашақ кәсіби қызмет үшін маңызды негіз болады. Өз тарапымыздан министрлік сала қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр. Мәселен, екі жыл ішінде «Қазсушар» РМК-дағы орташа жалақы екі еседен астамға артты. Сонымен қатар шетелдік серіктестердің қатысуымен қолданыстағы мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламалары да іске асырылып жатыр», —

деді Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы Нұржан Нұржігітов.

Фото: Gov.kz

Tags: Жаңа оқу жылысу шаруашылығы саласына мамандар даярлау
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылдық полицейлер жастарды есірткі сатушылардың қылмыстық әрекетіне бірлесіп қарсы күресуге шақырды

Жамбылдық полицейлер жастарды есірткі сатушылардың қылмыстық әрекетіне бірлесіп қарсы күресуге шақырды

3 года ago
Мұғалімдер екі ай бойы біліктілік арттыруға арналған тегін курстан өте алады

Мұғалімдер екі ай бойы біліктілік арттыруға арналған тегін курстан өте алады

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In