• RU
Вторник, 7 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Сәтсіз шыққан ота әлі болған емес

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында үш жылдан бері инсульт орталығы жұмыс істейді. Яғни, бәйдібектік дәрігерлер дертіне шипа іздеген тұрғындарды дәл диагноз қою үшін бұрынғыдай Шымкент қаласына не Түркістанға компьютерлі томограф аппаратына түсуге жолдамайды. Инсульт алған науқастарға да тиісті дәрігерлік көмектер Бәйдібек аудандық орталық ауруханасында көрсетіледі.

by Jasyn
07/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Сәтсіз шыққан ота әлі болған емес
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мұнда. Тіпті аудан азаматтары компьютерлік томография аппаратына түсіп тексерілу үшін де Шаяннан ұзап шықпайды. Жергілікті бюджет есебінен сатып алынған заманауи 128 кесінді КТ аппараты тұрғындардың әжетіне жарап тұр.

Бұдан үш жыл бұрын КТ аппараты түгілі инсульттан оңалту орталығы еліміздің көп ауданында жоқ кезде осындай мүмкіндіктерге қол жеткізу басшының іскерлігімен жүзеге асқаны жасырын емес. Дегенмен, дәрігерді қолдап көмектескен облыс, басқарма, аудан басшыларына да рақмет. Күні кеше ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған Гүлдария Шардарбекова іскерлігімен ғана емес жанашырлығымен де елдің солай алғысын арқалап жүрген жан. Медицина қызметкерлерінің күні мерекелік шарасында «Құрмет» орденін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыстың бүкіл үздіктері жиналған әріптестерінің көзінше сахнаға бірінші болып шығарып, Гүлдария Әбілдабекқызына табыстады. Әрине, бұл Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы басшысының көп жылғы еңбектеріне берілген әділ баға, шын құрмет!

– Еңбегімді бағалап, құрметтеп жатқан басшыларға, әріптестеріме, ең бастысы халқыма рақмет! Бұдан менің жұмысым жеңілдемейді, ұжым болып жұмылып жұртқа жауапкершілікпен қызмет етеміз. Алда біз атқаратын тірлік көп, – дейді ағынан жарылған Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы басшысы, «Құрмет» орденінің су жаңа иегері Гүлдария Шардарбекова.

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасында айтылғандай әрбір азаматқа сапалы қолжетімді денсаулық сақтау қызметтерін көрсету бағытында аталған ауруханада атқарылған игі істер жетерлік.

– Ауруханамызда облыс әкімдігінің қолдауымен, Денсаулық сақтау басқармасының көмегімен осыдан үш жыл бұрын жаңа компьютерлі томограф аппараты орнатылды. Бұл аппараттың науқастарды емдеуде дәрігерлерге көмегі көп. Жедел ми қан айналымы бұзылысымен сырқаттанған науқастарға толық көлемді көмек көрсету үшін неврологиялық инсульт орталығы да сол кезде ашылған. Тәжірибелі нейрохирург мамандарымыз бар. Невропатолог, невролог және реабилитолог мамандарымыз қайта даярлықтан арнайы өтіп келді. Алғашқы реабилитациялық көмек ауданымызда жансақтау бөлімінен бастау алады. Ары қарай орталық аурухананың неврология бөлімшесінде ем қабылдап, Алғабас елді мекенінде орналасқан реабилитациялық орталықта емін жалғастырады. Бүгінде жас мамандарға Үкімет тарапынан көптеген жеңілдіктер жасалып отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес үй-жаймен қамтамасыз ету, коммуналды шығындарына қаржы бөлу секілді ғанибет жобалар жүзеге асып келеді. Халыққа қызмет ету жолында жігері мұқалмаған мамандарымыз өз міндетін адал атқарып келеді, – дейді Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының басшысы Гүлмира Шардарбекова.

Хирургия саласы бойынша инновациялық тәсілдер енгізілген. Ауруханаға «внешней фиксации Гоффмана» аппараты арқылы сүйектері сынған науқастарға кішігірім отаны кеспей жасауға қол жеткізілді. Бұл аппараттың ерекшілігі сол, науқас сүйек сынығы біткенге дейін гипстік таңғышсыз жүре беруге болады. Лапароскопиялық қондырғы арқылы өт алу, аппендэктомия оталарын жасау тәсілдері жолға қойылды. Лапароскопиялық жолмен гинекологиялық оталарды жасайтын гинеколог мамандардың білімдері жетілдіруде.

Аудандық аурухана демесеңіз мұнда да күрделі оталар жасалады. Дәрігер Жамалбек Бисенов нейрохирургиялық операциялар жасап жүр. Оқыс жағдайда ауруханаға түскен науқастарға шұғыл көмек көрсету барысында, ауруды белгілеріне қарай емдейді. Мұнда бүгінге дейін сәтсіз шыққан ота болмаған екен. Бұл мамандардың мол тәжірибесі мен біліктілігінің нәтижесі.

– Мен ауданға 2011 жылы келдім. Сол жылдан бері бас-ми жарақатымен түскен ауыр жағдайдағы науқастарды операция жасап келемін. Өз дәрежесінде көмек беріп жатырмыз. Тағы бір жас нейрохирург маманымыз бар. Компьютерлік томография аппараты ортантылғалы бері операция көлемі де ұлғайды. КТ аппараты бізге нақты диагноз қоюға, отаның сәтті өтуіне септігін тигізеді, көмегі көп. Нейрохирург болып істегеніме 18 жылдан асты. Жалпы хирургия саласының барлығы оңай деп айта алмаймын. Өзіндік қиындығы болады. Қиындығына қарамастан оталарымыз сәтті шығып жатыр, – деген дәрігер-хирург Жамалбек Бисенов.

Фото: turaninfo.kz

 

Tags: компьютерлік томография аппаратыота
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ең елеулі ілгерілеу денсаулық сақтау саласында байқалды

Ең елеулі ілгерілеу денсаулық сақтау саласында байқалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері жарияланды

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері жарияланды

5 лет ago
Мақсатым — елдің ықыласына бөленіп, қариялардың батасын алу

Мақсатым — елдің ықыласына бөленіп, қариялардың батасын алу

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In