Анасы, келіншегі үшеуі үй саламыз деп тірнектеп жинаған ақшаны, құмар ойынға тығып жіберген. Келін ренжіп төркініне кетіп қалыпты.
— Сонша миллион ақшаны тоқтаусыз, біткенше құртатындай не бұл? Қатты құмары тартып тұрса, қолыңдағы ақшаның 1/10 немесе 1/5 ойнап, ұтсаң- ұттың, ұтылсаң- ұтылдым деп тоқтауға болмады ма? Барлық үйдің ақшасын ұтылғаның не?
— Нұреке, түсінбейсіз ғой. Келесіде ұтамын деп баспен кіріп кетесің. Сіз ойнап көрмеген соң білмейсіз.
— Сатқан жердің ақшасын, келіннің алтындарын сатып жібергенің де рас па?
— Рас.
— Жай сөзге тоқтайсың ба?
— Бля, мен осы тұрғанда да ойнағым келіп тұр. Сізден қорқып «тоқтаймын» деп айтасалуым мүнкін. Бірақ, құмарым ұрып тұр.
Құмар ойындарды жаппасақ болмас. Осыған дейін бір сөз айтқанымды екі етпейтін ауылдас інішек, міне бүгін сөзіме де тоқтамады. Маған деген сыйластығынан да, менен деген қорқынышынан да артық «құмар» деген пайда болды. Мен түгілі анасынан, қатынынан, бала-шағасынан бұл құмар ойын артық болып тұр. Нұреке Топжар, фейсбук әлемінен