Қазақстанның Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша ғана емес, егіздер, үшемдер саны жағынан да көш бастап тұр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, егіз туған жағдайлар ең көп тіркелген өңірлер:
- Түркістан облысы – 263 жағдай;
- Алматы – 245 жағдай;
- Алматы облысы – 175 жағдай.
Үшемдердің дүниеге келуі бойынша да Түркістан облысы алдыңғы қатарда. Алайда бұл көрсеткіште бірінші орынды үш өңір бөлісіп отыр:
- Түркістан облысы;
- Атырау облысы;
- Шымкент.
Аталған өңірлердің әрқайсында жыл басынан бері 3 реттен үшем туғаны тіркелген.
Сонымен қатар биыл елімізде төртемнің дүниеге келу жағдайы тіркелмеген.
Жалпы туу көрсеткіші бойынша да Түркістан облысы көш бастап тұр.
Өңірде әр мың тұрғынға шаққанда 19,75 нәрестеден келеді. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш.
Фото: ult.kz



