• RU
Воскресенье, 26 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Халықтың қаржылық сауаттылығын және мемлекеттік қаржыны басқаруды

Мемлекеттік сатып алу ісінде жергілікті жеткізушілердің үлесі артып келеді

Жамбыл облыс әкімдігі мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Әбдіқазиевтің айтуынша, басқармаға мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде тапсырыс берушілерден жыл басынан бері жалпы сомасы 35,8 миллиард теңгеге 149 конкурс бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге өтінімдер келіп түскен.

by Jasyn
26/07/2026
in Халықтың қаржылық сауаттылығын және мемлекеттік қаржыны басқаруды
0
Мемлекеттік сатып алу ісінде жергілікті жеткізушілердің үлесі артып келеді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Басқарма тарапынан ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімдері аясында 26,5 миллиард теңгені құрайтын 127 лот бойынша жеңімпаздар анықталған. Жеңімпаздардың жалпы саны 67 мердігерді құраса, оның ішінде облыста тіркелген 45 мердігермен 18 миллиард теңгеге 87 лот бойынша келісімшарт жасалған. Басқа облыстарда тіркелген 22 мердігермен 40 лот бойынша жасалған келісімшарт сомасы – 7,8 миллиард теңгені құраған. Нәтижесінде, жалпы келісімшарт сомалары 25,8 миллиард теңгені құрап, 7 миллиард бюджет қаражаты үнемделген.

– Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 22,4 миллиард теңгеге 22 нысан бойынша хабарламалар жарияланды. Сонымен қатар тауарлар, қызметтер және құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы сомасы 13,3 миллиард теңгені құрайтын 127 конкурс жарияланды. Мемлекеттік сатып алу саласындағы негізгі өзгерістерге тоқталсам, бұл – электрондық депозитарийге қатысты орын алған өзгерістер. Өйткені жүргізілген талдау жүйелі бұзушылықтар бар екенін көрсетті. Атап айтсақ, жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарға жалған мәліметтер енгізу фактілері анықталды. Оның ішінде нысандарды пайдалануға беру туралы бұрмаланған және жалған актілерді тіркеу орын алған. Мұндай жағдайлар сот дауларына әкеліп, нәтижесінде бюджет қаражатын уақтылы игеруге кері әсерін тигізді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі нормативтік және техникалық шаралардың кешенін қабылдады. 2024 жылғы №676 және сол жылғы №809 бұйрық бойынша мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, құрылысмонтаж жұмыстары бойынша тәжірибені растайтын құжаттарға қойылатын талаптар күшейтілді. Сонымен қатар 2025 жылғы 1 наурыздан бастап жұмыс тәжірибесін растау тәртібі өзгертілді. Бұған дейін енгізілген құрылыс-монтаж жұмыстары, техникалық қадағалау және жобалау бойынша мәліметтер белгіленген мерзімде міндетті түрде қайта расталуға тиіс болды. Қайта тексеруден өтпеген деректер «белсенді емес» мәртебесіне ауыстырылып, конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде есепке алынбайды, – деді Ғалым Қамбарұлы.

Сонымен қатар спикер бұл шаралар жалған ақпаратты болдырмауға, ашықтықты арттыруға және әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. Екінші маңызды мәселе – құрылысқа қатысы жоқ жұмыстарды (ағымдағы және орташа жөндеу, сондай-ақ абаттандыру) сатып алу кезіндегі біліктілік талаптары. Бұрын қолданыста болған нормаға сәйкес, тиісті лицензияның болуы әлеуетті жеткізушінің материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілгенін растайтын. Бұл рәсімдерді жеңілдетіп, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендететін. Өткен жылдан бастап жаңа қағидалардың енгізілуімен бұл тәсілдер өзгертіліп, ресурстарды меншік немесе жалға алу құжаттары арқылы растау бойынша қосымша талаптар пайда болды.

Іс жүзінде бұл процесті күрделендіріп, сатып алу мерзімдерін ұзартып, жалған құжаттарды ұсыну тәуекелдерін арттырады. Осыған байланысты бұрынғы норманы қайта енгізу туралы ұсыныс енгізіліп, бұл бастама қолдау тапқан. Оны іске асыру рәсімдердің мерзімін қысқартып, адал жеткізушілердің қатысуын жеңілдетіп, жалған құжаттарды ұсыну фактілерін азайтуға мүмкіндік береді. Үшінші бағыт – «Омаркет» жүйесінде антифрод-бақылауды енгізу. 2025 жылғы 23 қазаннан бастап Қаржы министрлігі әзірлеген бағаларды негізсіз көтерудің алдын алуға бағытталған зияткерлік жүйе жұмыс істейді. Механизм автоматты түрде жұмыс істейді, жүйе баға ұсыныстарын талдап, оларды нарықтық деректермен салыстырып, ауытқуларды анықтайды.

Айтарлықтай айырмашылық болған жағдайда жеткізушіге хабарлама жіберіледі, ал сыни ауытқулар кезінде мұндай ұсыныстар қабылданбауы мүмкін. Бұл құрал өз тиімділігін көрсетті – қазіргі уақытта тапсырыс берушілер тарапынан бағаларды жүйелі түрде негізсіз көтеру фактілері байқалмайды. Жалпы алғанда, бұл негізсіз баға өсімінің алдын алуға, адал қатысушыларды қорғауға және сатып алудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Төртінші маңызды аспект – жаңа қағидалардың 74-тармағын қолдану. Бұл норма тапсырыс берушіге әлеуетті жеткізушілерден жұмыстарды немесе қызметтерді нақты орындау өңірінде тіркелген материалдық және еңбек ресурстарының болуын талап ету құқығын береді. Бұл шара міндеттемелерді сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ жергілікті мердігерлерге қосымша артықшылықтар беріп, өңірлердегі бизнестің дамуын ынталандырады.

– Қабылданған өзгерістердің нәтижесінде жергілікті жеткізушілердің үлесінің артқаны байқалады. Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын, тиімділігін және оған деген сенімді арттыруға бағытталған, – дейді облыс әкімдігі мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Әбдіқазиев.

Фото: Ulysmedia.kz

Tags: бюджет қаражатын уақтылы игеруЖамбыл облысымемлекеттік сатып алумемлекеттік сатып алу жүйесі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қаржылық сауаттылық — қарапайым ұғым

Жамбылда 2 378,8 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, бюджетке толық өндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қайырымдылық қордың атын жамылып кәсіпкерлерді қорқытқан

Таразда аса ірі көлемдегі алаяқтық туралы іс қаралды

1 год ago
Бюджет қаржысы халық игілігіне жұмсалуда

Бюджет қаржысы халық игілігіне жұмсалуда

5 дней ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In