• RU
Вторник, 7 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Медицина ұйымдары толық дайындықта жұмыс жүргізіп жатыр

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) эпидемиологиялық ахуалы, аурудың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты қаралды. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық етті.

by Jasyn
07/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Медицина ұйымдары толық дайындықта жұмыс жүргізіп жатыр
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кеңес барысында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, Ветеринария басқармасы және өзге де жауапты мекемелердің басшылары баяндама жасап, өңірде жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың нәтижелері мен алдағы міндеттерді талқылады.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, медицина ұйымдары аса қауіпті инфекцияларға, оның ішінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті науқастарды дер кезінде анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша толық дайындықта жұмыс жүргізіп жатыр.

Өңірдің барлық медициналық ұйымдарында дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Биыл КҚГҚ, сібір жарасы, оба және тырысқақ сияқты аса қауіпті инфекциялар бойынша жүздеген семинар ұйымдастырылып, медицина қызметкері оқытылды.

Денсаулық сақтау ұйымдарында қажетті дәрілік препараттар мен жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті қоры жасақталған. Медициналық мекемелерде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын емдеуде қолданылатын «Рибавирин» препараты, қорғаныш киімдері, бетперделер, респираторлар, медициналық қолғаптар және антисептикалық құралдар жеткілікті көлемде сақталуда. Облыс бойынша жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын қоры да толық дайындыққа келтірілген.

Үйлестіру кеңесінде КҚГҚ-ның алдын алуда медицина саласы ғана емес, ветеринария, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және жергілікті атқарушы органдардың өзара үйлесімді жұмысының маңызы ерекше екені атап өтілді. Осыған байланысты аудан, қала әкімдіктеріне елді мекендердегі санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту, қора-жайлар мен ауыл шаруашылығы жануарларын жоспарлы залалсыздандыруды сапалы ұйымдастыру, кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының тиімділігіне тұрақты бақылау жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар шілде айынан бастап кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының екінші кезеңін уақтылы өткізу, ауыл шаруашылығы жануарларын толық қамту, арнайы тоғыту және бүрку алаңдарының жұмысын ұйымдастыру, дәрі-дәрмек пен қажетті материалдардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету міндеттері белгіленді.

Кеңес қорытындысында жауапты мекемелерге халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығын тұрақты жетілдіру, күдікті жағдайларды ерте анықтау және зертханалық тексерулерді уақтылы жүргізу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

Мамандар тұрғындарды табиғат аясында, мал қораларында немесе жайылымдық жерлерде болған кезде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Денеге кене жабысқан жағдайда оны өздігінен жаншып немесе жұлмай, мүмкіндігінше медициналық ұйымға жүгіну қажет. Ал дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, бас ауруы немесе өзге де белгілер байқалған жағдайда уақыт оздырмай дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Жалпы алғанда жаз мезгілі дәстүрлі түрде бірқатар инфекциялық аурудың пайда болу қаупінің артуымен сипатталады. Осы кезеңде табиғи ошақты инфекциялардың аллын алу, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағамнан уланудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп, профилактикалық іс-шараларды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

«Конго қырым гемаррагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал. Ол – аса қауіпті ошақтық вирустық инфекциялардың бірі. Аурудың ең басты тасымалдаушылары – экзот кенелері. Қазақстанда аурудың табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласының аумағында орналасқан. Конго қырым гемаррагиялық қызбасымен сырқаттанушылық елімізде жыл сайын тіркеледі. Республика бойынша жыл сайын орта есеппен 25-30 жағдай анықталады. Кенелердің белсенділігі жоғары кезеңде аурудың маусымдық ауқымының өсуі байқалуы мүмкін. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Эпидемиялық өңірлерде профилактикалық іс-шаралардың толық кешені жүзеге асып жатыр», – дейді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова.

Фото: SN.kz

Tags: ветеринарияКонго-Қырым геморрагиялық қызбасысанитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ең көп нәресте – Түркістан облысында дүниеге келді

Ең көп нәресте – Түркістан облысында дүниеге келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Президент жануарларға қатысты бірқатар заңға қол қойды

Президент жануарларға қатысты бірқатар заңға қол қойды

5 лет ago
«Уақыт пен қаражат – текке шашылатын нәрсе емес»

«Уақыт пен қаражат – текке шашылатын нәрсе емес»

12 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In