Ең көп нәресте – Түркістан облысында дүниеге келді. Бұл күні Түркісьан облысында 67 сәби дүние есігін ашқан. Алматы қаласында 44 сәби өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді.
Босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы – еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлемнің «екінші ұстазы» – Әл-Фараби медицинаны өнер деп бағалаған. Расында, дәрігер болу – жүректің ісі. Бұл – екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі – елдегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші екенін айтқан.
«Отандық медицина саласы да дамып келеді. Жалпы, 2019 жылдан бері елімізде шамамен 1300 денсаулық сақтау нысаны ашылды. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сәйкес, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан осы аймақта көш бастап тұр. Бұл ел дамуының нақты көрінісі екені сөзсіз. Азаматтардың бәріне сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық медициналық көмек алуға кепілдік берілген. Бұдан бөлек, отандастарымызға нейрохирургиядан бастап репродуктивті медицинаға дейінгі ең жоғары технологиялық медициналық ем-шаралардың барлығы қолжетімді. Сонымен қатар қоғамға қызмет ету жолын таңдағандардың алаңсыз еңбек етуіне лайықты жағдай жасап жатырмыз. Нақты қадамдар арқылы ұстаздар мен дәрігерлердің беделін арттыра береміз. Мұғалімдердің, медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Соңғы үш жылда 1,2 миллионнан астам адамның еңбекақысы 50 пайыздан 100 пайызға дейін артты» дейді Мемлекет басшысы.
Түркістан облысында медицина саласында тәжірибелі мамандар өте көп. Соның бірі тәжірибелі эндоскопист маманы Бабуржан Рахманқұлов жақында балалардың тыныс алу және асқазан-ішек жолдарынан талай бөгде заттарды сәтті алып шықты. Бұл — қаншама баланың өмірін аман алып қалған үлкен көрсеткіш.
Балалар эндоскопиясы — тек жоғары технологиялық жабдықтарды ғана емес, сонымен қатар дәрігерден үлкен дәлдікті, зор жауапкершілікті және асқан шеберлікті талап ететін күрделі сала. Дәрігерлердің тәулік бойғы кезекшілігі мен санавиация жұмысы кез келген уақытта бала өмірін сақтап қалуға кепілдік береді. Эндоскопиялық диагностика және емдеу МӘМС шеңберінде жүргізіледі: 18 жасқа дейінгі балалардағы асқазан-ішек патологиялары мен бронх-өкпе жүйесінің ауруларын анықтау және емдеу. Балалар қақпақтарды, скрепкаларды, целлофанды, ойыншықтардың детальдарын, монеталарды, дискілі батареяларды, магнитті шарларды жұтып алады. 2-3 жастағы балаларда тыныс алу жолдарының бөгде заттары да жиі кездеседі: жаңғақтар, тұқымдар, ұсақ заттар мен бөлшектер. Жаз мезгілінде балалар өсетін шөптін масақтарын жұтып алады, бұл туралы да есте сақтау және бала денсаулығының аздап өзгеруіне назар аудару қажет. Үш жасқа дейінгі балаларды мұқият қадағалап отыру керек. Олар тек ірі ойыншықтармен ғана ойнауы керек. Балаларға ұсақ бөлшектерден жасалған ойыншықтарды, магнитті шариктер мен дискілік батареялардағы ойыншықтарды сатып алуды ұсынбаймыз. Егер асқазан-ішек жолдарының бөгде денелері туралы айтатын болсақ, онда ең үлкен қауіп конструктордың магниттік шариктері мен дискілік батареялар болып табылады
Шұғыл көмек (Ургенттік қызмет): Тәулік бойы (24/7) және санавиация желісі арқылы кез келген уақытта шұғыл эндоскопиялық көмек көрсету. Эндоскопиялық құрылғылардың көмегімен келесі ауыр патологиялар жедел анықталып, емделеді: Жиі кездесетін шұғыл жағдайлар, асқазан-ішек және тыныс алу жолдарындағы бөгде денелер (бөгде заттар), Іш аурулары (жедел хирургиялық белгілер), Асқазан-ішек жолдарынан қан кетулер және т.б.
Фото: Turkystan.kz



