• RU
Воскресенье, 12 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері өмірінің алғашқы сағаттарында ауыр диагноз қойылған жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасап, оның өмірін сақтап қалды.

by Jasyn
12/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нәресте дүниеге келгеннен кейін тыныс алуы қиындап, жағдайы күрт нашарлаған. Тексеру нәтижесінде оған туа біткен көкет жарығы диагнозы қойылып, шұғыл түрде Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Түркістан облысының бас неонатальды хирургы С.А. Тұрысбеков, неонатальды хирург Ж.А. Бердіқұлова және анестезиолог-дәрігер Қ.Ү. Сапар күрделі операцияны сәтті орындады.

Бүгінде кішкентай пациенттің жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауымен ем қабылдап, отбасына аман-есен оралды.

Бұл жоғары технологиялық медициналық көмек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілді. МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар медициналық көрсетілім болған жағдайда жоғары технологиялық, күрделі операцияларды тегін ала алады.

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заманауи перинаталдық орталықтар желісін салу бағдарламасы іске асырылуда.

2029 жылға дейін Астана қаласында (екі орталық), Алматы, Шымкент, Қарағанды, Алматы облысының Қаскелең, Қызылорда, Орал қалаларында және Түркістан облысының Темірлан ауылында барлығы тоғыз перинаталдық орталықтың құрылысы жоспарланған.

Жалпы алғанда бүгінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде медициналық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Бүгінде Қазақстанда жалпы құны 108 млрд теңгені құрайтын 51 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қатар жүргізілуде.

Оның ішінде 55 млрд теңге «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде аудандық ауруханаларды жаңғыртуға бағытталса, тағы 53 млрд теңге бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға қарастырылған.

2026 жылы сондай-ақ 2025 жылы Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының есебінен қаржыландырылған бірқатар нысандарды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олардың қатарында Қарағанды қаласындағы онкологиялық диспансер, Талдықорған қаласындағы облыстық балалар ауруханасын реконструкциялау, Жетісу облысындағы Кербұлақ аудандық ауруханасы ғимараттарының сейсмикалық беріктігін күшейту, сондай-ақ Өскемен қаласындағы Гематология орталығының құрылысы бар.

Аталған жобаларды іске асыру денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын едәуір нығайтуға, медициналық көмек көрсету үшін заманауи жағдай жасауға және еліміздің барлық өңірі тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауылдық денсаулық сақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылдың соңына дейін 32 аудандық аурухананы жаңғыртып, оларды заманауи көпбейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейіне жеткізу жоспарланған.

Жаңғырту жұмыстары нысандарды күрделі реконструкциялаумен ғана шектелмей, компьютерлік томографтар мен ангиографиялық кешендерді қоса алғанда, заманауи жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жарақтандыруды да қамтиды.

Бұл, әсіресе инсульт пен инфаркт кезінде адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуда шешуші маңызға ие болатын «алтын сағат» қағидаты шеңберінде көрсетілетін уақтылы медициналық көмектің тиімділігін арттырып, жедел жағдайдағы пациенттерді диагностикалау мен емдеудің жеделдігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Мамандардың бағалауынша, жобаны іске асыру нәтижесінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттен болатын өлімнің деңгейі шамамен 20 пайызға төмендейді.

Медициналық инфрақұрылымды дамытудың маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік-жекешелік әріптестік. Қазіргі таңда елде Көкшетау қаласында 630 төсектік, Қосшы қаласында 350 төсектік заманауи көпбейінді ауруханалар, сондай-ақ Алматы қаласында жаңа медициналық кешен салу бойынша ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Заманауи жабдықтармен жарақтандырылған медициналық ұйымдарды құру азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, жоғары технологиялық медицинаны дамытуға және денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Фото: Elordainfo.kz

Tags: Ана мен балажаңа туған нәрестеге ота жасалдыТүркістан облыстық балалар ауруханасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістанда импорт төмендеп, экспорт көлемі артты

Түркістанда импорт төмендеп, экспорт көлемі артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Дәрілік заттардың тек 15%-ы ғана ЕАЭО талаптарына сәйкес емес

Дәрілік заттардың тек 15%-ы ғана ЕАЭО талаптарына сәйкес емес

2 года ago
Цифрландыруға ақша жұмсалды, нақты нәтиже жоқ

Цифрландыруға ақша жұмсалды, нақты нәтиже жоқ

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In