• RU
Воскресенье, 12 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ақпараттық сүйемелдеу

Түркістанда импорт төмендеп, экспорт көлемі артты

Түркістан облысының әкімі өндірісті дамыту, экспортты арттыру маңызды екенін атап өтті.

by Jasyn
12/07/2026
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ақпараттық сүйемелдеу
0
Түркістанда импорт төмендеп, экспорт көлемі артты
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

– Біз әлі күнге дейін шикізаттық тәуелділіктен толық арыла алмай отырмыз. Сондықтан импортты алмастыру жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру қажет. Шикізатты терең өңдеп, дайын өнім шығаратын өндірістерді көбейту – өңір экономикасының басты міндеттерінің бірі. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін әлемдік ірі инвесторларды тартып, қосылған құны жоғары өнім өндіруге басымдық берілуі тиіс. Импортты алмастыруға бағытталған барлық инвестициялық жобалар сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылып, тұрақты бақылауда болуы қажет, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары импортты алмастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.

Өңірдің экспорттық әлеуеті тұрақты артып келе жатқаны айтылды. 2024 жылы Түркістан облысынан 1 млн 357 мың тонна өнім экспортталса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1 млн 571 мың тоннаға жетіп, 16 пайызға өскен. Ал биылғы төрт айда 795,3 мың тонна өнім экспортталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері – 576,6 мың тонна, мал шаруашылығы өнімдері – 20,5 мың тонна, қайта өңдеу өнеркәсібінің өнімдері – 198,1 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар импорт көлемінің төмендеу үрдісі қалыптасқан. 2024 жылы өңірге 761 мың тонна өнім импортталса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 748 мың тоннаға дейін азайды. Биылғы төрт айда импорт көлемі 251 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 255,5 мың тоннадан төмен болды.

Өңірде импортты алмастыру бағытында еден жабындары, алюминий өнімдері, жіп, скотч, тұрмыстық тоңазытқыштар мен алкогольсіз сусындар өндіретін кәсіпорындар іске қосылған. Сонымен қатар мата, биологиялық белсенді қоспалар, алюкоцинк өнімдері, ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерін шығаратын жаңа өндірістер жүзеге асырылып жатыр.

Жүргізілген талдау нәтижесінде республикадан шикізат күйінде экспортталатын мыс, алюминий, темір, полипропилен және өзге де өнімдерді Түркістан облысында терең өңдеуге мүмкіндік бары анықталды. Осыған сәйкес мыс құбырлары, радиаторлар, кабельдер, алюминий профильдері, құрылыс материалдары, металл конструкциялары, полипропиленнен жасалатын тұрмыстық бұйымдар және басқа да дайын өнімдер шығаратын 40 әлеуетті инвестициялық жоба әзірленіп, әрқайсысына инвестициялық паспорт дайындалған.

Сондай-ақ Сайрам индустриялық аймағында сыр, ірімшік және құрғақ сүт өндіретін зауыттар, Сауран ауданында көкөніс өңдеу және консервілеу, томат пастасын шығару өндірісі, Мақтаарал ауданында кілем өндірісі, ал «TURAN» арнайы экономикалық аймағында балалар тағамын өндіретін зауыт салу ұсынылды.

Мәжілісте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті төмендету бағытындағы жобалар да қаралды. Қазіргі таңда облыс халқы көкөніс, бақша, картоп, жүзім, сиыр, қой және жылқы еті, сондай-ақ сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. Дегенмен құс етімен қамтамасыз ету деңгейі – 21 пайыз, жұмыртқа – 47 пайыз, шұжық өнімдері – 50 пайызды құрайды.

Осы тапшылықты жою үшін жалпы құны 60 млрд теңгені құрайтын төрт ірі жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Түлкібас ауданында жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін зауыт салынып жатыр. Ордабасы ауданында құс етін өндіру көлемі ұлғайтылып, Бәйдібек ауданында жұмыртқа өндіретін кешеннің құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге Отырар және Шардара аудандары мен Арыс қаласында жаңа өнеркәсіптік құс кешендерін іске асыру ұсынылды.

Бұдан бөлек, етті терең өңдеу бағытындағы үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Түлкібас және Төлеби аудандарында заманауи сүт-тауарлы фермалар салыну үстінде. Ал Сауран мен Бәйдібек аудандарында сүт өңдеу кәсіпорындарын іске қосу жоспарланған.

2026-2028 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешендегі ірі инвестициялық жобалардың жол картасы аясында жалпы құны 269 млрд теңгені құрайтын 43 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 2 115 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл құны 96,3 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жобаны іске асыру көзделсе, бүгінге дейін құны 17,4 млрд теңгелік 5 жоба пайдалануға беріліп, 140 жаңа жұмыс орны ашылған.

Жиын қорытындысында облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне импортты алмастыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді, өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартуды, жаңа өндірістерді іске қосуды және барлық жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Фото: ERNUR.KZ

 

Tags: Түркістан экспорт
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мамандар сатылған көлік есептен шығарылмаса қандай қиындықтар туындайтынын айтты

Мамандар сатылған көлік есептен шығарылмаса қандай қиындықтар туындайтынын айтты

4 года ago
«Ем болсын, ағалар»: Мейрамбек Бесбаевтың желідегі суреті елді алаңдатып қойды

«Ем болсын, ағалар»: Мейрамбек Бесбаевтың желідегі суреті елді алаңдатып қойды

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In