• RU
Среда, 22 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру

Бюджеттен қаржы бөлініп, аудандағы ауылдардың барлығы газбен қамтылды

Биылғы жылы Жамбыл облысы Жамбыл аудандық бюджеті есебінен 68,1 млн. теңге бөлініп, Бірлесу-Еңбек және Ерназар ауылдарынан ветеринарлық пункт сатып алынды. Бұдан бөлек, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының тапсырысымен Ш. Ниязбеков ауылынан ветеринарлық пункт құрылысы жүргізілуде.

by Jasyn
21/07/2026
in • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру
0
Бюджеттен қаржы бөлініп, аудандағы ауылдардың барлығы газбен қамтылды
0
SHARES
48
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сондай-ақ, Ащыбұлақ ауылындағы Марқабай каналы мен Бірлесу-Еңбек ауылы Қызыларық каналына тазалау жұмыстары жүргізілді және темірбетон лотоктар орнатылады. Бұған аудандық бюджеттен 15 млн. қарастырылды.

Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында Аса ауылы Абай көшесіндегі  дренаж каналды тазалау жұмыстарына 12 млн, Айшабибі ауылындағы каналды тереңдету және тазалау жұмыстарына 16,9 млн. теңге, Бірлесу-Еңбек ауылы Қызыларық каналына су тарататын шлюз орнатуға 5,6 млн. теңге, Қызылқайнар ауылы Беларық дренаждық каналына ағымды жөндеу жұмыстары 16,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілетін болады.

2026 жылы аудан көлемінде «Еуропалық даму және қайта құру банкінің» (ЕБРР-2) несие қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 67,5 шақырымды құрайтын 12 су шаруашылығы нысандарын бетондау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күні жоба құны 6,2 млрд. теңге, ұзындығы 52 шақырымды құрайтын 11 каналдың құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталған. Қазіргі таңда мердігері анықталған 11 каналдың 8-інде (Айшабибі ауылдық округі, Исмаил, Бошақай-1, Бошақай-2, Бошақай-3, Өрнек ауылдық округі. Саза, төменгі Саза, Айтақ)  құрылыс жұмыстары жүруде. Қалған 3 каналда (Жамбыл, Қуат оң жақ, Қуат сол жақ) жұмысты бастауға дайындық жұмыстары жүруде.

2026 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 20 пәтер сатып алуға жалпы 323,2 млн. теңге бөлінді. Нақтырақ айтатын болсақ, облыстық бюджеттен 282,5 млн. теңге, аудандық бюджеттен қосымша қаржыландыруға – 40,7 млн. теңге қарастырылды.

Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен тұрғын үй сертификаттарын беруге 20 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 7 азаматқа тұрғын үй сатып алу үшін алғашқы 10 пайыздық жарналары аударылды.

Тағы бір айтары, Президент тапсырмасына сәйкес бюджеттен жеткілікті қаржы бөлініп, ағымдағы жылы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл бағытта біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, 2022 жылы Қаракемер ауылы, 2023 жылы Бесағаш-Түрксіб, 2024 жылы Ерназар, 2025 жылы Жаңаөткел, Өрнек, Жұма ауылдарының ауыз су құбырлары пайдалануға берілді. Сонымен қатар 2024 жылдан өтпелі Бектөбе, Қызылшарық елді мекендеріндегі ауыз су жүйесінің құрылысы толық аяқталып, Тараз қаласы әкімдігінің теңгеріміне өткізілді.

– Ал, газдандыру жұмысы туралы айтатын болсақ, аудандағы 31 елді мекен толығымен табиғи газ жүйесімен қамтылды. 2025 жылы соңғы қалған 4 елді мекеннің (Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат, Сеңгірбай) ауыл ішілік газбен қамту және магистралды газ құбырының құрылыс жұмыстары аяқталды, нысан қабылданды, — дейді бұл жөнінде Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы. – Автомобиль жолдарының аудан бойынша жалпы ұзындығы 332,2 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар – 58 шақырым, облыстық маңызы бар – 103,2 шақырым, аудандық маңызы бар (33 бірлік) – 171,0 шақырым). Осылайша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 98,4 пайызға жетті.

2026 жылы аудандық маңызы бар 1 жолға (10,50 шақырым)  197,5 млн. теңгеге «Айшабибі-Қаратау» бөлімшесінде орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданға қарасты 13 ауылдық округтегі 31 елді мекенде 322,8 шақырым құрайтын 382 көше мен бұрылыстар бар. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы ауылішілік көшелердің үлесі 92 пайызға жетті.

Ауылішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша 194,9 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайтын 5 жоба іске асырылады. Бүгінгі күнге 3 жобаның мердігері анықталып, жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, ауылішілік жолдарды ағымды жөндеу (қиыршық тас) бойынша 13,4 млн. теңгеге 3 жоба іске асырылады. Бүгінгі күнге  2 жобаның жұмыстары аяқталды.

2026 жылға ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 8 бағытқа — 250,2 млн. теңге бөлінді.

Ал, құрылыс жұмыстары 2 млрд. 452,7 млн. теңгеге жүргізіліп, нақты көлем индексі 79,0 пайызды құрады. Аудан аумағында бюджет қаражаты есебінен 3,2 млрд. теңгеге 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Оның облыстық бюджет есебінен (1 жоба)  – 396,3 млн. теңгеге, облыстық және аудандық бюджет есебінен (2 жоба) – 980,1 млн. теңгеге, аудандық бюджет есебінен (2 жоба) – 300,5 млн. теңгеге, Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы арқылы (2 жоба) – 1,5 млрд. теңге.

Бүгінгі таңда 1 мектеп, 1 мектепке жапсарлас ғимарат құрылысы, 2 мәдениет үйі, 1 спорт кешені құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Өрнек ауылдық әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталды. Бұған бюджеттен 163,4 млн. теңге жұмсалды. Маусым айында пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, Ш. Ниязбеков ауылдық әкімшілік ғимараты құрылысы жоспарлануда. Бұған 137,1 млн. теңге қарастырылған.

Фото: Aikyn.kz

 

 

 

Tags: ауылдар газбен қамтылдыбюджетЖамбыл облысы Жамбыл аудандық бюджет
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджет қаржысы халық игілігіне жұмсалуда

Бюджет қаржысы халық игілігіне жұмсалуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған Шу тұрғыны ұсталды

Үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған Шу тұрғыны ұсталды

1 год ago
Жақсылық жасаудан алдына жан салмайды

Жақсылық жасаудан алдына жан салмайды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In