Жамбыл облысы Жамбыл ауданында 2026 жылы Тастөбе ауылы спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл кешеннің жобалық құны — 394,7 млн. теңге. Сондай-ақ, 2026 жылы аудандық бюджет есебінен Айшабибі ауылында 15,6 млн теңгеге шағын футбол алаңы орнатылды және 15 млн теңгеге Рахат, 9,6 млн теңгеге Жасөркен, 7,8 млн. теңгеге Тастөбе, 7,7 млн теңгеге Ащыбұлақ, 2,4 млн теңгеге Ерназар, 6,1 млн теңгеге Аса ауылдарында шағын футбол алаңдары ағымды жөндеуден өтуде.
Ал, Аса ауылындағы Абай көшесі №28 көп қабатты тұрғын үйдің ауласына 18,2 млн. теңгеге, Аса ауылында 8,0 млн теңгеге, Рахат ауылында 9,1 млн теңгеге, Гродеково ауылында 11,6 млн теңгеге, Қызылқайнар ауылында 9,8 млн теңгеге, Жұма ауылында 15,2 млн теңгеге балалар ойын алаңы орнатылуда, Ш. Ниязбеков және Қапал ауылдарында 14,4 млн теңгеге, Жасөркен ауылында 9,3 млн және Айшабибі ауылында 11,0 млн теңгеге балалар ойын алаңдарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, «Азия газ құбыры» серіктестігінің демеушілігі есебінен Айшабибі ауылында балалар ойын алаңы орнатылды.
Жамбыл ауданының халқына 1 аудандық, 4 ауылдық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 22 кітапхана, 1 музей мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2026 жылы Бесағаш ауылыда 558,7 млн теңгеге және Ш. Ниязбеков ауылында 421,4 млн теңгеге мәдениет үйі құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл бағытта атқарылған тағы бір тірлік, Қаракемер ауылындағы кітапхана ғимараты газбен қамтылады. Бұған бюджеттен 5,1 млн теңге жұмсалды.
Аудандағы жалпы 30 білім беру ұйымдары бар, оның 22-сі орта, 7-уі бастауыш, 1-уі негізгі мектеп. Яғни, 607 сынып комплектісінде 9 479 балаға 1638 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 49 сынып комплектісінде 681 бала білім алуда. Қосымша 2 жекеменшік мектеп (Asa Elite school, Мөлдір) қызмет атқарады.
Сонымен қатар 2 қосымша білім беру мекемелері (М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебі, Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы) және 1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті жұмыс жасайды.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 1,5 млрд. теңгеге 2 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. 2026 жылы Қостөбе ауылында құны 813,9 млн теңге болатын 100 орындық мектеп пен Тоғызтарау ауылындағы Т. Тоқтаров орта мектебіне жапсарлас спорт зал, асхана құрылысы және қолданыстағы мектеп ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл құрылысқа бюджеттен 756,6 млн қарастырылған.
Сондай-ақ биылғы жылы 6 мектеп пен 1 балабақшада ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұған бюджеттен 77,1 млн теңге қарастырылған. Атап айтқанда, мектеп ғимаратын, спорт залы, жиналыс залы мен асхананың шатырын, өрт дабылын, электр желілерін ағымды жөндеу және ойын алаңдарын абаттандыру жұмыстары. Бүгінге күнге, жөндеу жұмыстары басталды.
2026 жылға «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік – Жамбыл облысы» жобасы аясында аудан бойынша 8 мектепке (Т.Тоқтаров, Б.Кейкиев, №2, Б.Момышұлы, Ю.Гагарин, Ә.Тарази, Айшабибі, Т.Рысқұлов орта мектептеріне) 21 кабинет физика, химия және биология пәндері кабинеттерін зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондай-ақ биыл 20 мектепке 11 млн. теңгеге 23 сынып жиһазы комплектісі сатып алу жоспарлануда.
Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 24 балабақшада (10 бала бақшада бюджеттік – 997 бала, 14 жеке меншікте – 1226 бала) және 15 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (559 бала) барлығы 2782 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 2 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 98,9 пайызды, ал 3 пен 6 жас аралығындағы қамту көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
2026 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығындарына барлығы 122,3 млн. теңге бөлінді. Одан бөлек 4 елді мекен мен Аса ауылындағы әскерге шақыру пунктіне бейне бақылау камералары орнатылуда, бұлар Аса, Бесағаш, Ш. Ниязбеков, Қапал ауылдары.
Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімшесіне 20 дана рация сатып алынды, бұған 13 млн теңге жұмсалды. Ал, ҰҚК аудандық бөліміне 1 дрон сатып алынады, бұған 12 млн теңге жұмсалды.
Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен аудандық полиция бөлімі ғимаратынан профилактикалық кабинет ашылып, тиісті жабдықтармен қамтылды. Бұл іске қазынадан 3,8 млн. теңге қарастырылды.
Фото: Azattyq-ruhy.kz


