Кездесу барысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі әлеуметтік бейімделу, мемлекеттік қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу тәртібі, жұмыспен қамту мүмкіндіктері және кәсіби оқыту бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құжаттарды қалпына келтіру, тұрақты тіркеуге тұру, медициналық қызметтерге қол жеткізу, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша кеңестер ұсынылды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әрқайсысына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толыққанды жауаптар берілді. Азаматтарға қоғамға қайта бейімделудің маңыздылығы, заң талаптарын сақтау, тұрақты жұмысқа орналасу, отбасы және қоғаммен қарым-қатынасты нығайту, құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мекеме басшысы мен «Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бас бостандығынан босатылатын және босатылған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу бағытында әрдайым бірлесіп жұмыс жүргізіп келеді. Бірлескен іс-шаралардың мақсаты – азаматтарға жан-жақты әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету, олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік қызметтер алуына және қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал ету.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсету, өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу және тұрақты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады. Осындай кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастырылып, мекеме басшылығы мен қайта әлеуметтендіру орталығының бірлескен жұмысы аясында босатылатын азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.



