• RU
Пятница, 3 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Бюджет есебінен 505 медицина қызметкері біліктілігін арттырды

Түркістан облысында медико-демографиялық көрсеткіштер қазіргі жағдайда тұрақты. Жоспарға сәйкес, орындалып келе жатыр. Жалпы өлім-жітім деңгейі 2,3 пайызға төмендеп, көрсеткіш 4,3-ті, ана өлімі 10,4 пайызға төмендеп, 6,7-ні құрады.

by Jasyn
03/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Бюджет есебінен 505 медицина қызметкері біліктілігін арттырды
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нәресте өлімі 9,5 пайызға, бала өлімі 5,3 пайызға төмендеді. Бұл алғашқы медициналық көмекті күшейту, перинаталдық қызметті жетілдіру және тәуекел топтарына бақылауды күшейту жұмыстарының нәтижесі.

Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жыл басынан бері 18 медициналық ұйымда «Даму және ерте араласу» орталықтары ашылып, жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, облыстық деңгейде балаларға офтальмологиялық, сурдологиялық көмек көрсететін құзірет орталықтары және медициналық қызметкерлерді оқытуға арналған супервизия орталығы іске қосылды. Облыстық перинаталдық орталықтарында «Салауатты ана» пансионаттары ашылды. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында бөлінген 507 ЭКО квотасы толық игерілді.

Өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен орфанды (сирек кездесетін) өмірлік маңызы бар дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін 27 науқасшаңдықтар бойынша 314 науқастарға 4,6 млрд. теңге бөлініп, оның бүгінгі күнге дейін 4,5 млрд. теңгесі игерілді. Республикалық бюджет есебінен 292412 науқас амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз етілді, оның ішінде 58 мың 951 науқас 18 жасқа дейінгі балалар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымда жалпы 24210 медицина қызметкері қызмет атқарады. Оның 5321-і дәрігер, 18889-ы орта медицина қызметкері. Өткен жылы облыс көлемінде 259 бейінді дәрігердің жетіспеушілігі байқалды. Тапшы мамандықтарды жою мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің сөзіне сүйенсек, былтыр жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада тапшы бейінді мамандықтар бойынша дәрігерлер даярлауға 75 грант бөлініп, толық көлемде игерілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен барлығы 505 медицина қызметкері біліктілігін арттырды. Оның ішінде, Ресей федерациясында 20 жалпы тәжірибелі дәрігер, Түркия республикасында 11 дәрігер, ал өңір аумағында 244 орта буынды медицина қызметкері кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұдан бөлек, Ресейден тартылған білікті оқытушы мамандардың қатысуымен облыс аумағында 230 медицина қызметкеріне арналған мастер-класстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаты есебінен сұранысқа ие аса тапшы мамандықтағы 28 жас маманға Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы тарапынан әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда 9 жас маманға 8,5 млн. теңге, 6 жас маманға 1,5 млн. теңге, 13 жас маманға 1 млн. теңге көлемінде берілді. Ал, аудан, қала әкімдіктері тарапынан 1 жас маманға тұрғын-үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие, 3 жас маманға қызметтік пәтер және 24 жас маманға 100 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында өңірде жүйелі және ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысында перинаталдық көмек 3 деңгейде көрсетіледі. Бүгінде өңірде 22 босандыру ұйымы жұмыс істейді. Олардың кадрлық қамтамасыз етілуі 95 пайызды, ал жабдықталу деңгейі 80,7 пайызды құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында облыста бөлінген квоталар толық игеріліп, нәтижесінде 780 сәби дүниеге келді. Оның ішінде егіздер мен үшемдер бар.

Балалар денсаулығын сақтау бағытында да оң көрсеткіштер байқалады. Облыста 8 балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді. Былтыр Түркістан қалалық балалар ауруханасы жанынан жаңа Балалар оңалту орталығы іске қосылды. Аталған орталықтың тыныс-тіршілігімен танысу үшін жақында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова арнайы іссапармен келді. Іссапар барысында министр балаларды оңалту орталығының жұмысымен жан-жақты танысып, науқас балаларға көрсетіліп жатқан ем-дом және оңалту шараларының жүргізілу барысын бақылады. Сонымен қатар, медициналық қызмет сапасын арттыру, заманауи оңалту әдістерін енгізу және қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Кездесу барысында орталық мамандары атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, алдағы жоспарлар мен даму бағыттарын ортаға салды. Министр балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталып, орталық ұжымының еңбегін оң бағалады.

Сонымен қатар өңірде патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі енгізіліп, мейірбикелермен қамту деңгейі 95 пайызға жетті. Бұл ана мен баланың денсаулығын ерте кезеңнен бақылауға мүмкіндік беріп отыр.

Фото: Zakon.kz

Tags: Аңсаған сәбиЖергілікті бюджетмедико-демографиялық көрсеткішмедицина қызметкері біліктілігін арттыру
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елімізде әлеуметтік желіде қисық сөйлеп, өзгенің жеке басына тіл тигізгендерді түрмеге қамау ұсынылды

Елімізде әлеуметтік желіде қисық сөйлеп, өзгенің жеке басына тіл тигізгендерді түрмеге қамау ұсынылды

5 лет ago
Белгілі депутат ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынды

Белгілі депутат ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In