• RU
Среда, 8 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Биыл Жамбылда кезекте тұрған 2 035 азамат әлеуметтік тұрғын үймен қамтылады

Қазіргі таңда Жамбыл облысы аумағында жалпы 143 құрылыс нысаны жүзеге асырылуда. Оның 96-сын биыл пайдалануға беру жоспарланған.

by Jasyn
08/07/2026
in Топ
0
Биыл Жамбылда кезекте тұрған 2 035 азамат әлеуметтік тұрғын үймен қамтылады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2026 жылы құрылыс саласына 418,5 млрд теңге инвестиция тарту көзделген.

Жыл соңына дейін 770 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның 326 мың шаршы метрі қаңтар-маусым айларында пайдалануға тапсырылды.

Бүгінде коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде 60 995 азамат тұр. Оның ішінде 31 321 азамат халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.

Биыл кезекте тұрған 2 035 азаматты әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Оның 680-і – әлеуметтік осал санаттағы азаматтар.

Жалпы биыл 2 941 пәтерлі 66 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 1 685 пәтерді қамтитын 35 тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Қазіргі таңда Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағынауданында 125 пәтерлі екі кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар Асқаров көшесі алқабында 1 176 пәтерлі 30 көпқабатты әлеуметтік-кредиттік тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұдан бөлек, осы аумақта 1 800 пәтерлі 36 кредиттік тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайын.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 350 жалға берілетін тұрғын үй сатып алу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 78 пәтер сатып алынды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту аясында 30 жоба іске асырылуда. Оның 24-ін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

– 2026 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде құрылыс саласын кешенді құқықтық реттейтін жаңа Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі толық күшіне енді. Кодекс құрылыс қызметіне қойылатын талаптарды біріздендіріп, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтті. Сонымен қатар құрылыс саласындағы жауапкершілік пен мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа тетіктер енгізілді. Құрылыс кодексінің талаптарын өңірде сапалы іске асыру – барлық жауапты мемлекеттік органдардың ортақ міндеті, – дейді бұл жөнінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға Құрылыс кодексінің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, биыл жоспарланған барлық құрылыс нысандарын белгіленген мерзімде аяқтау, құрылыс жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту, сондай-ақ құрылыс нормалары мен стандарттарының сақталуын қатаң қадағалау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

Tags: әлеуметтік тұрғын үймен қамтылуЖамбыл облысыИнженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
Jasyn

Jasyn

Next Post
Психотроптық заттарды дәріханаларға өткізгені үшін басы пәлеге қалды

Психотроптық заттарды дәріханаларға өткізгені үшін басы пәлеге қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Депутат сайлаушыларының сенімін ақтамаса, оны лауазымынан босатуға болады — Ерлан Қарин

Депутат сайлаушыларының сенімін ақтамаса, оны лауазымынан босатуға болады — Ерлан Қарин

4 года ago
Оңтүстік Корея халқының саны алғаш рет азайды

Оңтүстік Корея халқының саны алғаш рет азайды

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In