• RU
Вторник, 16 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Бір жылда 92 мыңнан астам адам МӘМС жүйесіне қосылды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Лаура Ділдәбекқызының айтуына қарағанда бүгінде Түркістан облысы бойынша медициналық ұйымдарға тіркелген тұрғындар саны 2 миллионнан асады. Оның ішінде 1,7 миллионнан астам адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Бұл – тұрғындардың 85,7 пайызы. Ал, 298 мыңнан астам азамат сақтандырылмаған.

by Jasyn
15/06/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Бір жылда 92 мыңнан астам адам МӘМС жүйесіне қосылды
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда сақтандырылмағандар саны азайды. Мысалы, 2025 жылдың мамырында бұл көрсеткіш 391 мыңнан асса, биыл 298 мыңға дейін төмендеді. Яғни, бір жылда 92 мыңнан астам адам жүйеге қосылды. Қазіргі таңда Созақ, Бәйдібек, Арыс аудандарында халықтың МӘМС жүйесіне қатысу деңгейі жоғары. Ал, Мақтаарал, Сауран, Сайрам аудандарында бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажет. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Д және Е санаттарына жататын азаматтар мен ресми жұмыссыздар жергілікті бюджет есебінен МӘМС жүйесіне енгізілді. Бірақ, медициналық көмекке жүгінбеген азаматтардың шартты мәртебесі автоматты түрде тоқтатылып жатыр. Сондықтан жеңілдік санатында болса да, сақтандырылмаған болып қалған азаматтар кездеседі. Мұндай жағдайда тұрғындар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгініп, мәртебесін нақтылауы керек.

Жалпы алғанда МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін азаматтың соңғы 12 айдағы төлемдері үздіксіз жүргізілуі қажет. Егер жарна немесе аударым уақытылы төленбесе, азамат сақтандырылған мәртебесінен айырылып, кейбір медициналық қызметтерді ала алмай қалады. Өкінішке қарай, кейбір мемлекеттік және жекеменшік мекемелер қызметкерлері үшін төлемдерді уақытында аудармайды. Соның салдарынан адамдар медициналық көмекке жүгінген кезде ғана мәртебесінің жоқ екенін біліп жатады. Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай жағдайларға бақылауды күшейтті. Берешегі бар азаматтар мен жұмыс берушілердің жеке кабинеттеріне арнайы хабарламалар жолдануда. Егер төлем уақытында жүргізілмесе, өсімпұл есептеледі.

Тағы бір айтары, егер қызметкер бір айдан ұзақ мерзімге ақылы еңбек демалысына шықса, МӘМС төлемдерін дұрыс бөлу өте маңызды. Мысалы, қызметкер екі ай демалыста болса, жұмыс беруші төлемді бір рет аударғанымен, оны айлар бойынша бөлек көрсетуі керек. Яғни, тамыз бен қыркүйекке арналған төлем жеке-жеке есептелуі қажет. Егер бұл дұрыс рәсімделмесе, қызметкердің жүйеде берешегі пайда болып, сақтандырылған мәртебесі тоқтап қалуы мүмкін. Сондықтан бухгалтерия қызметкерлері МӘМС аударымдарын әр кезеңге бөліп төлеуі қажет.

– Жасыратыны жоқ, пациенттің құқығы бұзылса, көп жағдайда тұрғындар бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Бірақ әрбір емхана мен ауруханада пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейтінін біле бермейді. Бұл қызмет пациенттердің арыз-шағымдарын қарап, медициналық көмектің сапасына бақылау жүргізеді. Егер пациент дәрігердің қабылдауына, емнің сапасына немесе МӘМС мәртебесіне қатысты мәселеге тап болса, алдымен осы бөлімге жүгіне алады. Сонымен қатар Қордың ресми сайты msqory.kz мен Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы да өтініш қалдыруға болады. Реті келіп тұрғанда айтайын, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында облыста медициналық ұйымдарға тұрғындардан 309 арыз-шағым түскен. Көбіне медициналық көмектің сапасы, ұзақ күту, дәрі-дәрмек бермеу және дәрігер этикасына қатысты мәселелер көтерілген.

Ал, оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан балалар дәрігер қабылдауын, анализдер мен тексерулерді, стоматологиялық қызметтерді, оңалтуды, стационарлық емді және жоғары технологиялық медициналық көмекті тегін ала алады. Мектеп медицинасы аясында балалар профилактикалық тексеруден өтеді, екпе алады және денсаулығына бақылау жүргізіледі. Жазғы демалыс кезінде балалар толық медициналық тексеруден өтіп, қажет болса оңалту емдерін де ала алады. Мысалы, массаж, физиотерапия, емдік дене шынықтыру секілді қызметтер МӘМС аясында көрсетіледі. Егер бала мектепте медициналық тексеруден өтпей қалса, оны тіркелген емханасында өте алады.

Фото: Егемен Қазақстан

Tags: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыМӘМСТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Экспортқа шығып жатқан еттің 80 пайызы Түркістан облысының еншісінде

Экспортқа шығып жатқан еттің 80 пайызы Түркістан облысының еншісінде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылар кіммен айқасады

Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылар кіммен айқасады

5 лет ago
«Бұл — гендерлік зорлық-зомбылықты құрту жолындағы алға жасалған қадам»

«Бұл — гендерлік зорлық-зомбылықты құрту жолындағы алға жасалған қадам»

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In