Желіде оқиға орынан видео тарады. Кадрдан жасөспірімнің кішкентай баланы қуып жетіп, басынан ұрып, жерге бар күшімен лақтырып жібергенін көруге болады. Артынша жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция жағдайға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтады. Олар ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізіліп, жауапқа тартылды. Іс кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданады.
Ал зардап шеккен баланы дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберген.
Фото: Instagram желісі


