• RU
Четверг, 18 июня, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігі арта түседі

Бүгінде денсаулық сақтау саласында бірқатар бастамалар жүзеге асып жатыр. Оң өзгерістер легі шалғай жатқан ауылдық жерлерде де байқалып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Денсаулық сақтау министрлігіне нақты міндеттер қойды. Соңғы жылдары отандық медицинаның әлеуеті едәуір жақсарып, тиісінше медициналық көмекке сұраныс та артты.

by Jasyn
16/06/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігі арта түседі
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында ғана еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Түркістан облысына арнайы іссапармен келіп, медициналық қызмет сапасын арттыру, заманауи оңалту әдістерін енгізу және қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныстарын білдірген болатын.

Министрдің сапары аясында орталықта ем қабылдап жатқан балалардың ата-аналарымен сұхбат жүргізіліп, орталық жұмысы бойынша ой-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Ата-аналар көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасына ризашылықтарын білдіріп, балалардың оңалуына жасалып жатқан жағдайларға оң бағаларын берді.

Сондай-ақ ақ халатты жандармен кездесу барысында орталық мамандары атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, алдағы жоспарлар мен даму бағыттарын ортаға салды. Министр балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталып, орталық ұжымының еңбегін оң бағалаған болатын.

Сарыағаш ауданында да тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта Жартытөбе және Көктерек ауылдық округтерінде жаңа медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған нысандардың құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуына ерекше назар аударған аудан басшысы мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Бүгінде Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекеніндегі медициналық нысанның негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, шатыр жабу кезеңі жүргізілуде. Ал Көктерек ауылдық округінің Дархан елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттің қабырғаларын қалау жұмыстары жалғасуда. Жобалар толық іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігі артатын болады.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданында тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру мақсатында бірнеше елді мекенде жаңа медициналық тіректердің құрылысы жүргізілуде. Аудан әкімі Асқар Естібаев Машат ауылдық округінің Еңбек ауылындағы, Жаскешу ауылдық округінің Жанұзақ ауылындағы, сондай-ақ Майлыкент ауылдық округінің Қараағаш және Майтөбе ауылдарындағы медициналық тіректердің құрылыс барысымен танысты.

Жобаларға сәйкес, Еңбек және Жанұзақ ауылдарындағы медициналық тіректер тәулігіне 15 адамға дейін қабылдай алады. Әр нысанда бір науқасқа арналған күндізгі стационар қарастырылған. Медициналық мекемелер іске қосылғаннан кейін жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал Қараағаш ауылындағы медициналық тірек тәулігіне 25 тұрғынға, Майтөбе ауылындағы медициналық тірек тәулігіне 45 тұрғынға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл нысандарда дәрігер, тіс дәрігері, мейірбике жұмыс атқарады. Сонымен қатар, күндізгі стационарда бір мезетте 4 адам ем қабылдай алады.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сәуір айында басталған нысандарды биыл тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Аудан басшысы жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Жаңа медициналық тіректер ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті, вакцинация және басқа да медициналық қызметтерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл медицинасының ахуалын жақсарту жөнінде тапсырма бергені белгілі. Ауылдағы ағайын бұл оң өзгерісті сезіне бастады. Заман талабына лайықты өмір сүру үшін ауылдықтарға ғана емес, жалпы жұртқа сапалы медици­налық инфрақұрылым ауадай қажет. Ауыл-аймақпен қатар аудандағы ауруханалардың да ахуалы әжептәуір жақсара түсетіні денсаулық сақтау саласындағы құрылыс қарқынынан байқап отырмыз. Енді шалғайда тұратын халыққа сапалы меди­циналық қызмет көрсетіле бастайды.

Фото: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

 

Tags: жаңа медициналық нысандарсапалы медициналық қызметТүркістан облысы денсаулық сақтау саласы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Дүниеге келген 1808 баланың 35-і егіз

Дүниеге келген 1808 баланың 35-і егіз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ұлттық халық санағынан 8,4 млн азамат өтті

Ұлттық халық санағынан 8,4 млн азамат өтті

5 лет ago
Талас ауданында 3 жел электр стансасының құрылысы салынуда

Талас ауданында 3 жел электр стансасының құрылысы салынуда

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In