• RU
Вторник, 7 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

Ауданда 116 жоғары білімді дәрігер еңбек етіп жүр

Ана мен бала денсаулығына аса мән беретін Түркістан облысы Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы бүгінде заман талабына сай жаңарған.

by Jasyn
07/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
Ауданда 116 жоғары білімді дәрігер еңбек етіп жүр
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мұнда терапия, неврология, хирургия, балалар бөлімі сияқты барлық негізгі бөлімдер жұмыс істейді. Ал, Бәйдібек ауданында орталық ауруханадан бөлек, бір ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшер-акушерлік және 28 медициналық тірек халыққа ұдайы қызмет көрсетіп келеді. Аудан бойынша 116 жоғары білімді дәрігер мен 354 орта буынды медбикелер мен медағалар, фельдшерлер еңбек етіп жүр.

– Бізде үш босану бөлмесі бар. Қазіргі заманауи техникаларға сай. Перинаталдық нәресте дүниеге келгеннен кейін жылу тізбегі үзілмей, өзіне қолайлы жағдайда, қажет болған жағдайда реанимациялық жағдай көрсету үшін ашық ренимациялық жүйе арқылы нәрестеге көмек көрсетіледі. Бұл жерде айналадағы температурадан жоғары сәуле түсіп тұрады. Палатаға шыққан күнде де нәресте анасының үстінде жатып, тиісті температуралық тізбек сақталады. Бізде екі акушер гинеколог, екі дәрігер неанотолог, нәрестелерге қарайтын дәрігерлер бар. Бәрі жоғары білікті мамандар. 3 балалар медбикесі бар. Олар нәрестелерге қарайды. Кесір тілігін қажет ететін әйелдер түскен кезде осы ауруханаға ортақ орталықтанған операциялық орта блогы бар. Сол жерде жасалады. Операция жасауға акушер-гинеколог дәрігерлер, хирургия бөліміндегі хирург дәрігерлер барлығы кесір тілігі операциясын меңгерген. Одан басқа қан-тамыр хирургы бар. Акушерлік қан кету кезінде қан-тамыр хирургы ішкі мықым артериясын байлау арқылы акушерлік қан кетулерді тоқтатады. Екінші деңгейлі перзентханада босанатын аналарды 34 аптадан бастап қабылдай береміз, – деді Босану бөлімінің меңгерушісі Замира Карибаева.

Екінші деңгейлі медициналық қызмет көрсететін мұндағы босану бөліміне кез келген жағдайда түскен ана мен балаға тиісті дәрігерлік көмек көрсетуге бар жағдай жасалған. Қазақстан Республикасында бекітілген, клиникалық протоколдарға сай қажет дәрілік заттар да, аппаратуралар да, құрал-жабдықтар да жеткілікті мөлшерде. Мәселен мерзімінен бұрын туылған нәрестелердің дұрыс тыныс алуына арналған ИВЛ аппараты, балалардың дене температурасын бір қалыпты ұстап тұратын инкубатор және қандағы оттегіні толықтырып отыратын СИПАП қондырғылары бар.

– Медициналық қызметтің сапалы болуы үшін мамандардың білімі мен біліктілігі ерекше сынға түсері сөзсіз. Осы орайда мамандардың білімін жетілдіруге айрықша көңіл бөлініп, бірқатар мамандарымыз Ресей елінің Новосібір қаласында білімін жетілдіріп келді. Олардың арасында бас дәрігердің емхана жөніндегі орынбасары Батыр Айтуаров, босану бөлімінің меңгерушісі Замира Карибаева, хирургия бөлімінің меңгерушісі Әсет Ғалиев, балалар бөлімінің меңгерушісі Айша Талғатқызы, жансақтау бөлімінің реаниматологы Бауыржан Архабаев, бас медбике Гульмира Сыздықоваларды айтсақ болады. Сондай-ақ, реаниматолог-кардиолог Нұрлан Рахымжанов, балалар бөлімінің меңгерушісі Шолпан Нұрбаева, реаниматолог Бауыржан Архабаев, жансақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрлыбек Бейсенов, неврология бөлім меңгерушісі Әлия Педенова Түркия еліндегі Стамбул қаласында өз білімдерін жетілдіріп келді, – дейді басшы.

Цифрлы Қазақстан бағытында цифровизация бойынша аудандық медицинада көп өзгерістер бар. Атап айтқанда ауруханамызда қағазсыз құжат енгізіліп, бүгінгі күнге дәрігерлер науқастарды емдеу шараларын электронды түрде орындауға қол жеткізіп отыр. Қабылдау, босану, жансақтау бөлімдерінде және әрбір палаталарға «SOS» байланыс құралы қосылған.

Аурухананың қабылдау, жансақтау бөлімдерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «триаж» жүйесімен жұмыс жасауға толық жағдай жасалған. Айта кетейік, «триаж» жүйесі науқастың дертін тез арада анықтап, дер кезінде сапалы  медициналық көмек көрсете алады. Аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл көмек көрсету қарқынды терапия палатасы, 2 бөлмелі ота жасау залы, диагностикалық бөлмелер барлық құрал-жабдықтарымен (УДЗ, ЭКГ, ЭФГДС) сапалы жұмыс істеп тұр. Жансақтау бөлімі кеңейтіліп, шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық мүмкіндік алды. Қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылды.

Сонымен қатар аналар мен балаларға, жүрек-қан тамыр ауруларының, ми тамырларының қан айналымы бұзылыстарының, туберкулез, онкологиялық аурулардың алдын алу, жарақаттарды болдырмау мақсатында аудан бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Инновацияға бет бұра бастаған Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы ұжымының алға қойған мұраты биік, ал мақсаты біреу – ол халықтың денсаулығын жақсарту.

Фото: BAQ.KZ

Tags: Ана мен бала денсаулығы Түркістан облысы Бәйдібек аудандеңгейлі медициналық қызмет
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

20 млн теңге берсең, күйеуің директор болады…

20 млн теңге берсең, күйеуің директор болады…

2 года ago
Қазақстан ұшақтарына Украина аспанында ұшуына тыйым салынды

Қазақстан ұшақтарына Украина аспанында ұшуына тыйым салынды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In