• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жасыл экономика

80 мың тұрғын үйді электр энергиясымен қамтуда

by Jasyn
06/03/2024
in Жасыл экономика
0
80 мың тұрғын үйді электр энергиясымен қамтуда

an abstract representation of solving problems using artificial intelligence to increase reliability and reduce losses and accidents during the transmission of electrical energy

0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жуалы ауданындағы 100 МВт-ты құрайтын күн электр стансасы 7 жылдан бері толық қуатында жұмыс істеп келеді. Стансаның алғашқы бөлігі 2015 жылы пайдалануға берілген. Ол жобаның жалпы құны 23,5 млд теңге. Стансаға қажетті құрал-жабдықтар, фотоэлектрлі панельдер құрылыс алаңына Германиядан жеткізіліп орналастырылған еді. Жалпы алаңы 150 га-ды алып жатқан «Бурное солар-1» күн электр стансасының қуаттылығы 50 МВт-ты құрайды. 

Бұл стансаның тұсауы 2015 жылдың 2 шілдесінде Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Индустрияландыру күні» ұлттық телекөпірі арқылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында кесілген. Содан бері күн электр стансасының табысы жыл санап артуда. Бұл кәсіпорын өткен жылы 3 089,4 млн теңгегенің 80 069 кВт электр энергиясын өндірген. Биыл да өнім көлемі артпаса төмендей қойған жоқ. 

Ал 2016 жылы «Бурное солар-2» күн электр стансасы құрылысының екінші кезеңі басталып, оған алғашқы стансаның жанынан (Нұрлыкент ауылдық округіне қарасты жер телімінен) 151,8 га жер телімі бөлінді. Оған бөлінген қаражат 25 млд теңге. Аталған жобаның инвесторы «Самұрық Қазына-Юнайтед Грин» ЖШС, ал қаржыландыру көзі – Лондондағы «Европалық қайтажаңғырту және даму банкі». Бұл кешен аумағында «jinko Solar» компаниясының 185 174 фотоэлектрлік модулі және «Sungrow» өндірісінің 16 инверторлық стансасы жұмыс істеуде. 

Стансаның екінші кезеңі де Н.Назарбаевтың қатысуымен 2018 жылдың қарашасында өткен «Индустрияландыру күні» ұлттық телекөпірі арқылы ашылған болатын. Стансадағы электр энергиясының жылдық болжамы өндіріс сағатына 78,2 млн кВт-ты құрайды. Бұл шамамен 40 мың тұрғын үйді электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

«Бурное солар – 1» және «Бурное солар – 2» ЖШС күн электр стансасының бас директоры Нұрлан Қапеновтың айтуынша, күн электр стансасының электр өндіру қуаты жыл санап артуда. Серіктестік 3 жыл бұрын Еуропалық қайта құру және даму банкі EMEA Finance тарапынан «Бурное солар -2» жобасы бойынша «Күн энергиясы саласындағы үздік мәмле» номинациясы бойынша марапатқа ие болыпты.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қос Қайраттың миллиардтаған қаржылары қайтарылды

Қос Қайраттың миллиардтаған қаржылары қайтарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Отандық телеарналар Елдос Сметовтің қола алған сәтін көрсеткен жоқ

Отандық телеарналар Елдос Сметовтің қола алған сәтін көрсеткен жоқ

4 года ago
Коронавирустың жаңа штамдары қаншалықты қауіпті

Коронавирустың жаңа штамдары қаншалықты қауіпті

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In