• RU
Четверг, 30 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Отандық БАҚ жобалары мен салалық журналистиканы дамыту және қолдау

ЖИ берген ақпараттың бәрі бірдей шындыққа сай келе бермейді

Биылғы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Жамбыл облысының ақпарат саласында еңбек етіп жүрген екі БАҚ қызметкеріне жаңа пәтердің кілті табысталғаны белгілі.

by Jasyn
29/07/2026
in • Отандық БАҚ жобалары мен салалық журналистиканы дамыту және қолдау
0
ЖИ берген ақпараттың бәрі бірдей шындыққа сай келе бермейді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ақпарат саласы мамандарының қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне ерекше тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі рөлін әрдайым жоғары бағалап, сала қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән беріп келе жатқанын атап өткен болатын.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес БАҚ саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі баспана кілттерін табыстау – сол қолдаудың нақты нәтижесі. Ақпарат саласы – қоғамның дамуы мен тұрақтылығына ықпал ететін маңызды бағыт. Сіздер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, ел өміріндегі маңызды оқиғаларды жұртшылыққа жедел әрі шынайы жеткізіп келесіздер. Ақпараттық кеңістіктің дамуына қосып жүрген еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді Ербол Қарашөкеев.

Мерекелік шара барысында «Қазақстан» республикалық телерадио кешені» АҚ облыстық филиалының бейнемонтажері Әлібек Байгутиев пен «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-не қарасты «AR-AI» газетінің тілшісі Құралай Сейсенбекқызына жаңа пәтердің кілті табысталды

Облыс әкімі баспаналы болған әріптестерді қуаныштарымен құттықтап, жаңа шаңырақтарының берекелі, бақытқа толы болуына тілектестік білдірді.

– Баспана – әр отбасының басты құндылықтарының бірі. Бұл – тек тұрғын үй ғана емес, отбасының тұрақтылығы мен болашаққа деген сенімінің негізі. Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын, жаңа қоныстарыңыз құт-береке мен шаттықтың ордасына айналсын, – деді өңір басшысы.

БАҚ өкілдері бұл игі бастаманы Мемлекет басшысының бұқаралық ақпарат құралдары саласы қызметкерлеріне көрсетіп отырған қолдауының нақты көрінісі ретінде бағалап, алғыстарын білдірді.

Жалпы алғанда қандай жаман болса да ақпарат құралдарының рөлі төмендемейді. Қандай заман болса да журналист тек шындықты, ақиқатты жазуы керек. Ал, қазіргі журналистка қалай дамып барады? Соңғы жылдары технологияның қарқынды дамуы мен ақпарат ағынының толассыздығы журналистика саласына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Қазір көп жағдайда адам ойынан бұрын алгоритмдер жұмыс істейтіндей көрінеді. Ақпаратты іздеу, өңдеу, тіпті мәтін жазу үдерісінің өзіне жасанды интеллект араласа бастады. Бір жағынан, бұл уақытты үнемдеп, жұмысты жеңілдетсе, екінші жағынан, журналистиканың басты құндылықтары – шынайылық, шығармашылық және адамдық көзқарасқа қатысты түрлі сауалдарды туындатып отыр.

Нейрожелі БАҚ саласына аяқасты келген жоқ. Оның алғашқы қадамы қарапайым технологиялық көмекші рөлінен басталды. Әуелде ол журналистердің жұмысын жеңілдететін құрал ретінде қабылданды. Мәселен, ақпаратты сұрыптады, деректерді жинақтады, мәтіндегі қателерді түзетті. Уақыт өте келе оның мүмкіндігі артып, журналистердің сенімді көмекшісіне айналды.

Бүгінде кейбір редакциялар жасанды интеллектіні мәтіндерді ықшамдау, орфографиялық қателерді түзету, тақырып ұсыну секілді техникалық жұмыстарға пайдалануда. Алайда журналистиканың өзегін құрайтын сараптамалық мақалалар мен терең зерттеу материалдарын толықтай автоматтандыру әзірге мүмкін болмай тұр. Оның бірнеше себебі бар. Ең алдымен, қазақ тіліне бейімделген сапалы тілдік модельдердің саны әлі де аз. Бұған қоса, жасанды интеллектіні қолдануға қатысты құқықтық және этикалық нормалар толық қалыптасқан жоқ.

Сондай-ақ отандық журналистердің басым бөлігі жасанды интеллект құралдарын кәсіби деңгейде меңгеріп үлгермеген. Сондықтан бүгінгі таңда ЖИ-ді журналистикаға енгізу техникалық мүмкіндіктерден бұрын, оны қабылдау мәдениеті мен қолдану дағдысына келіп тіреліп отыр. Осы орайда Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Жаңабай Миллионов жасанды интеллектінің журналистикадағы рөлі жайлы өз ойын байыппен сабақтады.

– Шындығына келсек, ЖИ-дің БАҚ саласына тым терең енуі өзекті мәселе болып барады. «ChatGPT» секілді нейрожүйелер ақпаратты санаулы секундтың ішінде өңдеп, дайын мәтін ұсына алады. Әсіресе жедел қажет болған жағдайда оның көмегі орасан. Дегенмен журналистер жасанды интеллект берген ақпараттың бәрі бірдей шындыққа сай келе бермейтінін ұмытпауы керек. Сондықтан ЖИ ұсынған әрбір дерек міндетті түрде тексеріліп, бірнеше дереккөз арқылы нақтылануы тиіс. Тағы бір ескерерлік мәселе – жасанды интеллектінің тақырыпты терең зерттеуге қауқары шектеулі. Ол қолда бар ақпаратты жинақтап, өңдеп бере алады, бірақ журналист сияқты оқиға ортасына барып, адамдармен сөйлесіп, мәселенің астарына үңіле алмайды. Сондықтан қандай технология дамыса да, журналистік зерттеу мен адамдық көзқарастың орнын ешбір алгоритм баса алмайтыны айтпасада белгілі. Негізінде бүгінгі журналистердің мүмкіндігі бұрынғы буын өкілдерімен салыстырғанда әлдеқайда кең. Бір кездері тілшілердің қолында қарапайым жазу машинкасы ғана болды. Кейін кнопкалы телефон дәуірі келді. Тіпті аудан мен облыс, қала мен қала арасындағы байланыстың өзі арнайы рұқсатпен жүзеге асқан кезеңдер болды. Ақпарат жинау да, оны тарату да қазіргідей оңай емес еді. Қазіргі журналистің қолында интернет те, заманауи техника да бар. Қысқасы, әлемнің кез келген нүктесіндегі ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі жоғары. Ақпарат алмасу жылдамдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Сондықтан бүгінгі кезеңді жастардың дәуірі деуге толық негіз бар. Себебі жаңа технологияны тез меңгеретін, цифрлық ортада еркін жұмыс істейтін жас мамандар үшін мүмкіндік бұрынғыдан әлдеқайда көп, – деді Жаңабай Миллионов.

Фото: Lada.kz

Tags: БАҚ Жамбыл облысыбаспанаНейрожелі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қоршаған ортаға жанашыр болу — идеологияның өзегі болуы керек

Қоршаған ортаға жанашыр болу -- идеологияның өзегі болуы керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болған

Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болған

2 года ago
«Кітапхана оқырмандары» чаты жұмыс істейді

«Кітапхана оқырмандары» чаты жұмыс істейді

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In