• RU
Четверг, 30 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Волонтерлік қызмет

Қоршаған ортаға жанашыр болу — идеологияның өзегі болуы керек

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы азаматтардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, қоғамдағы жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға да серпін беріп отыр.

by Jasyn
29/07/2026
in • Волонтерлік қызмет
0
Қоршаған ортаға жанашыр болу — идеологияның өзегі болуы керек
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұл бағытқа ерекше тоқталып: «Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек.
Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, бұл баршаңызға аян. Осы жұмысқа миллиондаған азаматымыз атсалысуда. Жұрт болып жұмылудың арқасында 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенді жұмысты жалғастыра берсек, аңсаған арманымызға жетіп, Қазақстан нағыз жасыл ел болмақ. Ал бұл келешек ұрпаққа керемет үлгі-өнеге және өсиет болып қалары анық. Осы жұмысқа атсалысып жүрген азаматтарға, әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіремін. Тазалық мәдениетін қоғамда терең орнықтыру – өте маңызды міндет. Осы бағытта Үкімет экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуге тиіс. Бұл жұмыс мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін барлық деңгейдегі білім мекемелерін қамтуы қажет», – деген болатын.

Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің
«Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Нұрбек Жұманазаровтың айтуына қарағанда бұл бағыттағы жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Оның ішінде Меркі ауданында экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 109 түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Тазалық акциялары, ағаш отырғызу, бұлақ көздерін ашу, ардагерлердің аулаларын абаттандыру және экологиялық челлендждерге 1 949 ерікті жас қатысты. Ауданның экологиялық бастамалары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып, «Таза аудан – таза болашақ» байқауы өңірлік телеарнадан көрсетілді.

Тағы бір айтары, Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялағаны белгілі. Халықаралық жыл аясындағы іс-шаралар волонтерлық қозғалысқа ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде қуатты серпін береді, еріктілер қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және оны одан әрі дамытудың негізгі векторларын айқындауға үлес қосады.

Бұл ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде волонтерлік қызметті дамытуға ерекше мән беріп, оны Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі деп санайтын үнемі айтып келеді. Мемлекет басшысының пікірінше, еріктілер – өз елінің шынайы патриоттары, адамгершілік құндылықтарды бәрінен жоғары қойып, мемлекет пен қоғам арасында сенімді серіктестікті нығайтуда ерекше рөл атқарады. Жанқиярлық пен мейірімділік қазақ халқына тән қасиет екенін атап өткен ҚР Президенті бұл қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңірудің маңыздылығын бірнеше рет баса айтты.

Аталған жыл аясында Меркі ауданында Жастар ресурстық орталығы жанындағы «Merki eriktileri» волонтерлық қозғалысы 14 бағыт бойынша 404 іс-шара өткізіп, оған 8 328 ерікті жас жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан 2026 жылдың І жартыжылдығында түрлі бағыттар бойынша 725 іс-шара ұйымдастырылып, оған 19 592 аудан тұрғыны мен жастары қатысты.

Орталықтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Игі іс», «Бабалар салған ізбенен» және «Жастарға кеңес» жобалары да өз тиімділігін көрсетуде. Қайырымдылық акциялары арқылы әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетілсе, тағылымдық кездесулер жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті. Ал кеңес беру алаңдарында жастар тұрғын үй, жұмыспен қамту, құқықтық, психологиялық және діни мәселелер бойынша кәсіби мамандардың кеңестеріне ие болды.

Жастар саясатының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде де белсенді ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Жыл басынан бері облыс- тық және аудандық басылымдарда 53 мақала жарияланып, әлеуметтік желілерде 2 113 ақпараттық жарияланым орналастырылды. Сонымен қатар облыстық телеарналарда жастар саясатына арналған арнайы 7 бейнематериал эфирге шықты.

Жастардың әлеуетін дамытуға бағытталған бұл жұмыстар Меркі ауданында мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта да жастардың сапалы білім алуына, тұрақты жұмыспен қамтылуына, қоғамдық белсенділігі мен патриоттық рухын нығайтуға бағытталған жобалар мен бастамалар өз жалғасын табады.

Тағы бір айтары, дәл осы күндері Павлодар қаласында EduBridge: Global Volunteer Forum for Inclusive Learning халықаралық волонтерлер форумының пленарлық отырысы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, волонтерлер ұйымдарының өкілдері, халықаралық сарапшылар мен Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстанның жастар көшбасшылары қатысты.

Ашық диалог форматында өткен жиында волонтерлік қозғалысты дамыту, инклюзивті білім беруді ілгерілетудің заманауи тәсілдері, халықаралық озық тәжірибелер және елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік, инклюзивті білім беру, қайырымдылық және волонтерлік бағытында жүзеге асырылып жатқан бірегей жобаларды таныстырды. Форум Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында өтті.

Форум Қазақстанның волонтерлікті дамытуға бағытталған бастамаларының халықаралық деңгейде қолдау тауып келе жатқанын және осы саладағы әріптестікті кеңейтуге қосып отырған үлесін тағы бір мәрте айқындады.

Фото: Inbusiness.kz

Tags: «Таза Қазақстан»волонтерлік қызметті дамытуҚоршаған ортаға жанашыр болу
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Таразда «пәтер кезегін жылжытып беремін» деген алаяқ ұсталды

Таразда «пәтер кезегін жылжытып беремін» деген алаяқ ұсталды

4 года ago
Жыл сайын ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар 1000-ға жуық бала дүниеге келеді

Жыл сайын ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар 1000-ға жуық бала дүниеге келеді

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In