• RU
Четверг, 30 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жәрмеңкенің арқасында 1580 жас жұмыспен қамтылды

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, жастардың қоғамдық бірлестіктерімен байланысын жүзеге асыру мақсатында Тараз қаласында 6 айда 642 іс-шара ұйымдастырылып, 32 308-ге жуық жастар қамтылды.

by Jasyn
29/07/2026
in • Жастар саясаты
0
Жәрмеңкенің арқасында 1580 жас жұмыспен қамтылды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тараз қалалық жастар ресурстық орталығымен NEET санатындағы жұмыссыз жастар арасында жоспарға сәйкес 43 іс-шара ұйымдастырылып, 1580-ге жуық жас қамтылды. Оның ішінде 6 кеңес беру алаңдары мен 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері нәтижесінде 1416 жас бос жұмыс орындарына орналастырылды. Жастар тәжірбиесі арқылы 89 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар 336 жас, 7 жас әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды.

Бүгінгі таңда «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі соңғы жаңартуға сәйкес 2 856 жасы NEET санатындағы жұмыссыз жас ретінде анықталды. Атап айтар болсақ, Д санатында 2114 отбасы бар, оның ішінде  2291 жұмыссыз жастар және  Е санатында 541 отбасы тіркелген, оның 565-і жұмыссыз жастар.

Бүгінгі таңда аталған санатағы жастарға адрестік жұмыстар жүргізіліп 486 жастың деректері анықталды. Оның ішінде 155 жас Тараз қаласына жатпайтындар, 8 жас 1-2 тобындағы мүгедектер, 3 жас 3 тобындағы мүгедект,  7 жас туылғанынан мүгедектігі бар, 30 адам мекенжайы бойынша тіркелмеген, 9 жаста жеке кәсіпкерлік (ИП), ЖШС бар. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлік (ИП), ЖШС жастарға әлеуметтік аударымдары мен салықтарын төлеу қажеттілігі жайлы түсіндірілді.

Сондай-ақ, биылғы жылы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 161 іс-шара ұйымдастырылып 19 мыңнан аса жас қамтылды. Оның ішінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында 49 іс-шара, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 70 іс-шара, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 42 іс-шара ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы полиция департаменті есіркі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағында 250 локация бойынша граффити жазулары өшірілді. Айта кетейік, 2025 жылы 201 локация бойынша өшірілген болатын.

Алайда есірткі заттарын тұтыну нәтижесінде психикалық және мінез-құлық ауытқушылығымен есепте 477 жас тұр. Былтырғы 559-ды құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 17 пайызға төмен.

2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жалпы 14-35 жас аралығындағы жастармен жасалған 284 қылмыс тіркеліп отыр. 2025 жылы 294 қылмыс тіркелгенболатын. Айта кететін жәйт, қылмыс жағдайы былтырғы жылмен салыстырғанда 10 қылмысқа, яғни 3,5 пайызға азайып отыр. Оның ішінде қоғамдық орындарда қылмыс жасағандар 11,4 пайызға (2025 жылы — 140, 2026 жылы — 124), кісі өлімі және кісі өліміне шабуыл фактісі бойынша 87,5 пайызға (2025 жылы — 8, 2026 жылы — 1), зорлық және зорлыққа шабуыл бойынша 33 пайызға (2025 жылы — 3, 2026 жылы — 2),  тонау фактісі бойынша 41 пайызға (2025 жылы — 12, 2026 жылы — 7), ұрлық фактісі бойынша 29,3 пайызға (2025 жылы — 75, 2026 жылы — 53) төмендеп отыр.

Сонымен қоса қала бойынша суицид көрсеткіші де былтырғы жылмен салыстырғанда 17,8 пайыз азайып отыр. 2025 жылы жалпы саны 28 факті тіркелген болса, жыл басынан 23 факті тіркеліп отыр. Оның ішінде былтырғы жылы 15 факті өліммен аяқталса, биылғы жылы 8 факті өліммен аяқталған. Бұл ақпарат ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен алынды.

Бүгінгі таңда полиция есебінде 14-18 жас аралығындағы 54 жасөспірім және 46 студент, жалпы 100 жас полиция есебінде тұр, ал пробациялық есепте 96 жас тіркеуде. Полиция есебіндегі жасөспірімдерді әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу мақсатында қоғам белсенділері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым мүшелерінен тұратын менторлар жасақталып жұмысы үйлестірілуде.

Сонымен қатар жыл басынан жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзышулықты болдырмау мақсатында 20 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 40 кәмілетке толмағандардың ойын-сауық орындарда жүруі, 35 жасөспірімдердің түңгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуы тіркеліп, 55 хаттама толтырылды. Оның ішінде 51 ата-анаға ескертулер, 5 ата-анаға айыппұл салынды.

Фото: kazinform

Tags: жәрмеңкежұмыспен қамтуТараз қалалық жастар ресурстық орталығы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда 30 волонтерға 50 мың теңгеден сыйақы табысталды

Таразда 30 волонтерға 50 мың теңгеден сыйақы табысталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ынтымақтастық рухы — әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді

Ынтымақтастық рухы — әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді

12 месяцев ago
Қытайдан құны 27 млн. теңге болатын декларацияланбаған тауарларды кедендік төлемдерден жалтарып әкелуге тырысқан

Қытайдан құны 27 млн. теңге болатын декларацияланбаған тауарларды кедендік төлемдерден жалтарып әкелуге тырысқан

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In