• RU
Четверг, 23 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Босатылатын сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғасуда

Бүгін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Қырықбаев Бекайдар Фазылович сотталған азаматтармен кездесу өткізіп, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

by Jasyn
22/07/2026
in Әлеумет
0
Босатылатын сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғасуда
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кездесу барысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі әлеуметтік бейімделу, мемлекеттік қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу тәртібі, жұмыспен қамту мүмкіндіктері және кәсіби оқыту бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құжаттарды қалпына келтіру, тұрақты тіркеуге тұру, медициналық қызметтерге қол жеткізу, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша кеңестер ұсынылды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әрқайсысына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толыққанды жауаптар берілді. Азаматтарға қоғамға қайта бейімделудің маңыздылығы, заң талаптарын сақтау, тұрақты жұмысқа орналасу, отбасы және қоғаммен қарым-қатынасты нығайту, құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, мекеме басшысы мен «Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бас бостандығынан босатылатын және босатылған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу бағытында әрдайым бірлесіп жұмыс жүргізіп келеді. Бірлескен іс-шаралардың мақсаты – азаматтарға жан-жақты әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету, олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік қызметтер алуына және қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал ету.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсету, өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу және тұрақты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады. Осындай кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастырылып, мекеме басшылығы мен қайта әлеуметтендіру орталығының бірлескен жұмысы аясында босатылатын азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Tags: әлеуметтік бейімделуқоғамға бейімделуөмірлік қиын жағдайда қалған адамдар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ең көп нәресте – Түркістан облысында дүниеге келді

Жаңа туған үшем шетінеп кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2 мыңнан астам салық төлеуші жалған мәмілелер жасаған

2 мыңнан астам салық төлеуші жалған мәмілелер жасаған

1 год ago
Мақсат – жастардың бизнеске қызығушылығын арттыру

Мақсат – жастардың бизнеске қызығушылығын арттыру

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In