• RU
Среда, 22 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру

Бюджет қаржысы халық игілігіне жұмсалуда

Жергілікті бюджет қаражатына елдімекендерде спорт алаңшалары салынса, енді бір ауылдарға мәдениет, білім нысандары салынуда. Былайша айтқанда, бюджет қаржысы халық игілігіне жұмсалуда.

by Jasyn
21/07/2026
in • Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуді қаржы секторын қор нарығын ақпараттық қолдап отыру және түсіндіру
0
Бюджет қаржысы халық игілігіне жұмсалуда
0
SHARES
53
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында 2026 жылы Тастөбе ауылы спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл кешеннің жобалық құны — 394,7 млн. теңге. Сондай-ақ, 2026 жылы аудандық бюджет есебінен Айшабибі ауылында 15,6 млн теңгеге шағын футбол алаңы орнатылды және 15 млн теңгеге Рахат, 9,6 млн теңгеге Жасөркен, 7,8 млн. теңгеге Тастөбе, 7,7 млн теңгеге Ащыбұлақ, 2,4 млн теңгеге Ерназар, 6,1 млн теңгеге Аса ауылдарында шағын футбол алаңдары ағымды жөндеуден өтуде.

Ал, Аса ауылындағы Абай көшесі №28 көп қабатты тұрғын үйдің ауласына 18,2 млн. теңгеге, Аса ауылында 8,0 млн теңгеге, Рахат ауылында 9,1 млн теңгеге, Гродеково ауылында 11,6 млн теңгеге, Қызылқайнар ауылында 9,8 млн теңгеге, Жұма ауылында 15,2 млн теңгеге балалар ойын алаңы орнатылуда, Ш. Ниязбеков және Қапал ауылдарында 14,4 млн теңгеге, Жасөркен ауылында 9,3 млн және Айшабибі ауылында 11,0 млн теңгеге балалар ойын алаңдарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, «Азия газ құбыры» серіктестігінің демеушілігі есебінен Айшабибі ауылында балалар ойын алаңы орнатылды.

Жамбыл ауданының халқына 1 аудандық, 4 ауылдық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 22 кітапхана, 1 музей мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2026 жылы Бесағаш ауылыда 558,7 млн теңгеге және Ш. Ниязбеков ауылында 421,4 млн теңгеге мәдениет үйі құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл бағытта атқарылған тағы бір тірлік, Қаракемер ауылындағы кітапхана ғимараты газбен қамтылады. Бұған бюджеттен 5,1 млн теңге жұмсалды.

Аудандағы жалпы 30 білім беру ұйымдары бар, оның 22-сі орта, 7-уі бастауыш, 1-уі негізгі мектеп. Яғни, 607 сынып комплектісінде 9 479 балаға 1638 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 49 сынып комплектісінде  681 бала білім алуда. Қосымша 2 жекеменшік мектеп (Asa Elite school, Мөлдір) қызмет атқарады.

Сонымен қатар 2 қосымша білім беру мекемелері (М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебі, Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы) және 1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті жұмыс жасайды.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 1,5 млрд. теңгеге 2 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. 2026 жылы Қостөбе ауылында құны 813,9 млн теңге болатын 100 орындық мектеп пен Тоғызтарау ауылындағы Т. Тоқтаров орта мектебіне жапсарлас спорт зал, асхана құрылысы және қолданыстағы мектеп ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл құрылысқа бюджеттен 756,6 млн қарастырылған.

Сондай-ақ биылғы жылы 6 мектеп пен 1 балабақшада ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұған бюджеттен 77,1 млн теңге қарастырылған. Атап айтқанда, мектеп ғимаратын, спорт залы, жиналыс залы мен асхананың шатырын, өрт дабылын, электр желілерін ағымды жөндеу және ойын алаңдарын абаттандыру жұмыстары. Бүгінге күнге, жөндеу жұмыстары басталды.

2026 жылға «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік – Жамбыл облысы» жобасы аясында аудан бойынша 8 мектепке (Т.Тоқтаров, Б.Кейкиев, №2, Б.Момышұлы, Ю.Гагарин, Ә.Тарази, Айшабибі, Т.Рысқұлов орта мектептеріне) 21 кабинет физика, химия және биология пәндері кабинеттерін зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондай-ақ биыл 20 мектепке 11 млн. теңгеге 23 сынып жиһазы комплектісі сатып алу жоспарлануда.

Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 24 балабақшада (10 бала бақшада бюджеттік – 997 бала, 14 жеке меншікте – 1226 бала) және 15 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (559 бала) барлығы 2782 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 2 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 98,9 пайызды, ал 3 пен 6 жас аралығындағы қамту көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.

2026 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығындарына барлығы 122,3 млн. теңге бөлінді. Одан бөлек 4 елді мекен мен Аса ауылындағы әскерге шақыру пунктіне бейне бақылау камералары орнатылуда, бұлар Аса, Бесағаш, Ш. Ниязбеков, Қапал ауылдары.

Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімшесіне 20 дана рация сатып алынды, бұған 13 млн теңге жұмсалды. Ал, ҰҚК аудандық бөліміне 1 дрон сатып алынады, бұған 12 млн теңге жұмсалды.

Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен аудандық полиция бөлімі ғимаратынан профилактикалық кабинет ашылып, тиісті жабдықтармен қамтылды. Бұл іске қазынадан 3,8 млн. теңге қарастырылды.

Фото: Azattyq-ruhy.kz

 

Tags: Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытубюджет қаржысыспорт кешенінің құрылысы аяқталу
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Атырауға жеткізілген күдікті әйел психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Қылмыстар бірнеше ай аралығында жасалған

3 месяца ago
Президенті Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады

Президенті Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In