Сондай-ақ, Ащыбұлақ ауылындағы Марқабай каналы мен Бірлесу-Еңбек ауылы Қызыларық каналына тазалау жұмыстары жүргізілді және темірбетон лотоктар орнатылады. Бұған аудандық бюджеттен 15 млн. қарастырылды.
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында Аса ауылы Абай көшесіндегі дренаж каналды тазалау жұмыстарына 12 млн, Айшабибі ауылындағы каналды тереңдету және тазалау жұмыстарына 16,9 млн. теңге, Бірлесу-Еңбек ауылы Қызыларық каналына су тарататын шлюз орнатуға 5,6 млн. теңге, Қызылқайнар ауылы Беларық дренаждық каналына ағымды жөндеу жұмыстары 16,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілетін болады.
2026 жылы аудан көлемінде «Еуропалық даму және қайта құру банкінің» (ЕБРР-2) несие қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 67,5 шақырымды құрайтын 12 су шаруашылығы нысандарын бетондау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күні жоба құны 6,2 млрд. теңге, ұзындығы 52 шақырымды құрайтын 11 каналдың құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталған. Қазіргі таңда мердігері анықталған 11 каналдың 8-інде (Айшабибі ауылдық округі, Исмаил, Бошақай-1, Бошақай-2, Бошақай-3, Өрнек ауылдық округі. Саза, төменгі Саза, Айтақ) құрылыс жұмыстары жүруде. Қалған 3 каналда (Жамбыл, Қуат оң жақ, Қуат сол жақ) жұмысты бастауға дайындық жұмыстары жүруде.
2026 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 20 пәтер сатып алуға жалпы 323,2 млн. теңге бөлінді. Нақтырақ айтатын болсақ, облыстық бюджеттен 282,5 млн. теңге, аудандық бюджеттен қосымша қаржыландыруға – 40,7 млн. теңге қарастырылды.
Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен тұрғын үй сертификаттарын беруге 20 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 7 азаматқа тұрғын үй сатып алу үшін алғашқы 10 пайыздық жарналары аударылды.
Тағы бір айтары, Президент тапсырмасына сәйкес бюджеттен жеткілікті қаржы бөлініп, ағымдағы жылы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл бағытта біршама жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, 2022 жылы Қаракемер ауылы, 2023 жылы Бесағаш-Түрксіб, 2024 жылы Ерназар, 2025 жылы Жаңаөткел, Өрнек, Жұма ауылдарының ауыз су құбырлары пайдалануға берілді. Сонымен қатар 2024 жылдан өтпелі Бектөбе, Қызылшарық елді мекендеріндегі ауыз су жүйесінің құрылысы толық аяқталып, Тараз қаласы әкімдігінің теңгеріміне өткізілді.
– Ал, газдандыру жұмысы туралы айтатын болсақ, аудандағы 31 елді мекен толығымен табиғи газ жүйесімен қамтылды. 2025 жылы соңғы қалған 4 елді мекеннің (Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат, Сеңгірбай) ауыл ішілік газбен қамту және магистралды газ құбырының құрылыс жұмыстары аяқталды, нысан қабылданды, — дейді бұл жөнінде Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы. – Автомобиль жолдарының аудан бойынша жалпы ұзындығы 332,2 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар – 58 шақырым, облыстық маңызы бар – 103,2 шақырым, аудандық маңызы бар (33 бірлік) – 171,0 шақырым). Осылайша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 98,4 пайызға жетті.
2026 жылы аудандық маңызы бар 1 жолға (10,50 шақырым) 197,5 млн. теңгеге «Айшабибі-Қаратау» бөлімшесінде орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданға қарасты 13 ауылдық округтегі 31 елді мекенде 322,8 шақырым құрайтын 382 көше мен бұрылыстар бар. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы ауылішілік көшелердің үлесі 92 пайызға жетті.
Ауылішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша 194,9 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайтын 5 жоба іске асырылады. Бүгінгі күнге 3 жобаның мердігері анықталып, жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, ауылішілік жолдарды ағымды жөндеу (қиыршық тас) бойынша 13,4 млн. теңгеге 3 жоба іске асырылады. Бүгінгі күнге 2 жобаның жұмыстары аяқталды.
2026 жылға ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 8 бағытқа — 250,2 млн. теңге бөлінді.
Ал, құрылыс жұмыстары 2 млрд. 452,7 млн. теңгеге жүргізіліп, нақты көлем индексі 79,0 пайызды құрады. Аудан аумағында бюджет қаражаты есебінен 3,2 млрд. теңгеге 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Оның облыстық бюджет есебінен (1 жоба) – 396,3 млн. теңгеге, облыстық және аудандық бюджет есебінен (2 жоба) – 980,1 млн. теңгеге, аудандық бюджет есебінен (2 жоба) – 300,5 млн. теңгеге, Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы арқылы (2 жоба) – 1,5 млрд. теңге.
Бүгінгі таңда 1 мектеп, 1 мектепке жапсарлас ғимарат құрылысы, 2 мәдениет үйі, 1 спорт кешені құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Өрнек ауылдық әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталды. Бұған бюджеттен 163,4 млн. теңге жұмсалды. Маусым айында пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, Ш. Ниязбеков ауылдық әкімшілік ғимараты құрылысы жоспарлануда. Бұған 137,1 млн. теңге қарастырылған.
Фото: Aikyn.kz



