• RU
Среда, 15 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ақпараттық сүйемелдеу

Түркістан облысында 1567 жас жұмыспен қамтылды

Түркістан облысында жыл басынан бері мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында 4536 іс-шара ұйымдастырылып, оған 434 мыңнан астам жас қамтылды. Бұдан бөлек, өңірде жыл басынан бері 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Өңірдегі жастар саясатын іске асыру мәселелері облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды.

by Jasyn
14/07/2026
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ақпараттық сүйемелдеу
0
Түркістан облысында 1567 жас жұмыспен қамтылды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңір басшысы жастарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырды.

Мәжілісте облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл осы салада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оңың мәліметінше, жастар арасында бірқатар өзекті мәселер анықталып, бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

«Отбасын қолдау орталықтары» арқылы жастар мен жас отбасыларға отбасын жоспарлау, дәстүрлі отбасы құндылықтарын дәріптеу және отбасы жауапкершілігін нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Түркістан және Кентау қалаларында, сондай-ақ Төлеби ауданында «Жастар денсаулық орталықтары» жұмыс істейді. Жыл басынан бері аудан-қалаларда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде интернет-алаяқтықтың, сыбайлас жемқорлықтың және нашақорлықтың алдын алу мақсатында 590 нысанда аудиоджинглдер қосылып, 650 ақпараттық плакат орналастырылды. Сондай-ақ «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында өткен оқу жылында 7 мыңнан астам профилактикалық кездесу өткізіліп, оған 450 мыңнан астам оқушы қатысты.

Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Түркістан облысында жалпы саны 18 жастар ресурстық орталығы мен 149 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Өңірде 27 713 жас волонтер тіркелген. Сондай-ақ жастарға арналған 1540 үйірме жұмыс істейді. Жастардың кәсіби бағдарын зерделеу мақсатында биыл Республикалық «Жастар» ғылыми-зерттеу институтының мамандары аудан, қалаларда NEET санатындағы жастармен кездесулер өткізіп, оған 1700 жас қатысты. Нәтижесінде жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру бағытындағы ұсыныстар әзірленді. Жыл басында «Отбасының цифрлық картасы» жүйесінде 12 023 NEET санатындағы жас тіркелсе, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде олардың саны 8 332-ге дейін азайды. Мансап орталықтары арқылы 1567 жас жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жұмыссыз және NEET санатындағы жастарға облыстағы 16 өндірістік кәсіпорынға экскурсия ұйымдастырылып, оған 1685 жас қатысты. Алдағы уақытта NEET санатындағы жастарды кәсіби бағдарлау, бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне тарту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы мен Skills Enbek платформасы арқылы кәсіптік оқытуды жалғастыру жоспарланған.

Кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру бағытында биыл 44 967 жасқа кеңес беріліп, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1140 жас грантқа ие болды. Жастарды әскерге тарту бағытындағы жұмыстар да тұрақты жүргізілуде. Көктемгі әскерге шақыру науқанында 2470 жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы мен «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысында жастардың экологиялық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және еріктілік қызметін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірде 415 сенбілік ұйымдастырылып, оған 98 мыңнан аса жас қатысты.

Фото: Aikyn.kz

 

Tags: жұмыспен қамтумемлекеттік жастар саясаты
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қан доноры: науқастарға өмір сыйлауға құштар жандардың қарасы көп

Қан доноры: науқастарға өмір сыйлауға құштар жандардың қарасы көп

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ел алғыр да айбынды жастарға сенім артады

Ел алғыр да айбынды жастарға сенім артады

2 года ago
Шымкент әкімі Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады

Шымкент әкімі Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In