• RU
Среда, 22 июля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

103 диспетчері сауатты әрекет етіп, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК Сарыағаш ауданында орын алған шақыртуда 2 жастағы бүлдіршінге дер кезінде көрсетілген көмек оның өмірін сақтап қалуға ықпал етті.

by Jasyn
13/07/2026
in • Денсаулық сақтау саласындағы қызметті медицина қызметкерлерінің кәсібін танымал етуді ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру
0
103 диспетчері сауатты әрекет етіп, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш ауданы, Ердәулет ауылының тұрғыны үй ауласындағы бассейнге абайсызда батып кеткен 2 жастағы баласына байланысты 103 желісіне шұғыл хабарласқан.

Шақыртуды қабылдаған диспетчер Ф. Машарипова жағдайдың аса қауіпті екенін бірден бағалап, «шақыртуды ұстап тұру» режиміне көшіп, жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін ата-анасына алғашқы көмек көрсету алгоритмін нақты әрі түсінікті түрде жеткізіп отырған. Диспетчердің кәсіби әрі сабырлы нұсқауларының арқасында бүлдіршіннің жағдайы жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жақсарып, есін жиған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы науқастың жағдайын қайта бағалап, қажетті медициналық көмекті көрсетіп, баланы әрі қарай ем қабылдау және дәрігерлердің бақылауында болу үшін Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына жеткізді.

Сондай-ақ, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК диспетчерлік қызметі тағы бір шұғыл жағдайда жоғары кәсібилігін көрсетті. Бұл жолы Түлкібас ауданы М. Жарымбетов ауылында 10 күндік нәрестені шомылдыру кезінде сәби абайсызда суға тұншығып, тыныс алуы тоқтап, есінен танып қалған. Ата-анасы уақыт оздырмай 103 жедел желісіне хабарласқан.

Шақыртуды қабылдаған диспетчер Қымбат Утегенова жағдайдың ауырлығын бірден анықтап, ата-анасына телефон арқылы нәрестеге алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін байланыста болып, олардың әрбір әрекетіне бағыт-бағдар берген.

Диспетчердің жедел әрі сауатты нұсқауларының нәтижесінде нәрестенің тынысы қалпына келіп, жедел жәрдем бригадасы келген кезде жағдайы жақсарған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері нәрестеге қажетті медициналық көмекті көрсетіп, оны Түлкібас аудандық орталық ауруханасына жеткізді. Қазіргі таңда сәби дәрігерлердің бақылауында.

Тағы бір қуанышты жаңалық, жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде тағы бір сәби аман-есен дүниеге келді. Сауран ауданы, Аша елді мекенінің 20 жастағы тұрғынына босану кезінде жедел медициналық көмек көрсетті. Білікті мамандардың кәсіби әрекетінің арқасында ұл бала дүниеге келді.

Ана мен нәрестеге алғашқы медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, жағдайлары тұрақтандырылғаннан кейін перзентханаға аман-есен жеткізілді.

Жалпы алғанда Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы «2026 жылдың үздік облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» номинациясының жеңімпазы атанған.

Бүгінде Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы 2 миллион 148 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Облыс бойынша 167 жедел жәрдем бригадасы жұмыс атқарады, оның ішінде 35 дәрігерлік және 132 фельдшерлік бригада халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуде. Қызмет көрсету радиусы 250 шақырымды қамтиды.

Мекеме құрамында 6 бекет пен 17 бөлімше жұмыс істейді. Сонымен қатар, шақыртуларға уақытылы жетуді қамтамасыз ету және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында облыс аумағында қосымша 48 тәуліктік пост ұйымдастырылған.

Материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында 2025 жылы автопарк 2 неонаталдық реанимобильмен және 60 Hyundai Staria санитарлық автокөлігімен толықтырылды. Барлық санитарлық көліктер GPS навигациясымен, рациямен және бейнежетондармен толық қамтамасыз етілген.

Жедел медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында мекеменің ақылы қызметтен түскен қаражаты есебінен 2025 жылы 4 жаңа бекет пайдалануға берілді. Қазіргі таңда бесінші жаңа бекеттің құрылысы жалғасуда.

Соңғы жылдары негізгі көрсеткіштер бойынша айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, сәтті реанимация көрсеткіші 2025 жылдың алғашқы бес айындағы 59 пайыздан 2026 жылдың осы кезеңінде 90 пайызға дейін өсті. Бұл жүрек қызметін қалпына келтіру және шұғыл реанимациялық көмектің тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді.

Сондай-ақ жедел жәрдем бригадаларының шақыртуға уақытылы жету көрсеткіші 95 пайыздан 98 пайызға дейін артты.

Заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған екі неонаталдық реанимобильдің көмегімен 234 жаңа туған нәресте мамандандырылған медициналық ұйымдарға қауіпсіз тасымалданып, оларға дер кезінде білікті медициналық көмек көрсету қамтамасыз етілді.

 

 

Tags: 103 диспетчерідиспетчерлік қызметТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ана мен бала денсаулығын жақсарту ісі жан-жақты талданды

Ана мен бала денсаулығын жақсарту ісі жан-жақты талданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 730 оқушы қатысады

Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 730 оқушы қатысады

3 года ago
«Шекарасыз оқу» жобасы: қайта әлеуметтендіруге жаңа мүмкіндік

«Шекарасыз оқу» жобасы: қайта әлеуметтендіруге жаңа мүмкіндік

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In