Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар туындаған кезде мекеме қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтау.
Шара барысында шартты төтенше жағдай кезінде мекеме қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау және алғашқы әрекеттерді ұйымдастыру бойынша практикалық жаттығулар жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында қатысушылар төтенше жағдай кезінде шұғыл шешім қабылдау, белгіленген тәртіпке сәйкес әрекет ету және өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында тәжірибелерін шыңдады.
Іс-шара соңында оқу-жаттығудың қорытындысы шығарылып, қатысушылардың іс-қимылдарына баға берілді. Мұндай бірлескен оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою кезінде жедел қызметтердің кәсіби дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.




