• RU
Пятница, 11 сентября, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Қазақстанда суару маусымы аяқталуға жақын

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі шаруалармен кездесті. Биылғы вегетация кезеңінде «Қазсушар» РМК-ның жергілікті филиалы өңірдегі шаруа қожалықтарымен суармалы су беру жөнінде 12 409 келісімшарт жасасты.

by Jasyn
11/09/2026
in Топ
0
Қазақстанда суару маусымы аяқталуға жақын
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері Су ресурстары және ирригация министрлігіне және «Қазсушар» РМК мамандарына суармалы жерлерді сумен уақытылы әрі тұрақты қамтамасыз еткені үшін алғыстарын білдірді.

«Биыл суды тұрақты әрі уақытылы алдық. Былтыр суға қатысты өтініш жасап едік. Міне биыл орындалып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар үшін министрлікке рахмет айтқымыз келеді. Қазір каналдар бетондалып, сорғылар орнатылып жатыр. Елге жасап жатқан қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын»,

– деді Отырар ауданының диқаны Қалжан Жаймырза.

Қазақстан бойынша 2026 жылғы вегетация кезеңінде 1,2 млн гектар жерді суару үшін шамамен 11 млрд текше метр су алу жоспарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, бүгінгі таңда шаруаларға шамамен 11 млрд текше метр су беріліп, 1,16 млн гектар жер суарылды. Қазіргі уақытта вегетация маусымы аяқталу сатысына өтіп, қалыпты режимде жүргізіліп жатыр.

Шаруалармен кездесуден кейін Нұржан Нұржігітов «Достық» мемлекетаралық каналына барып, нысанның жұмысымен және әкімшілік әрі қызметтік ғимараттарда жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Қазіргі уақытта «Достық» каналында 62 маман еңбек етеді. Су ресурстары және ирригация министрінің тапсырмасы бойынша олардың жалақысы орта есеппен 55%-ға көтерілді. Қызметкерлердің ең төменгі жалақысы 94 мың теңгеден 226 мың теңгеге дейін өсті.

«Су жеткізу мәселесі бір тәртіпке келтірілді. Биыл суару маусымы жақсы өтті. Ешқандай мәселе болған жоқ. Жалақымыз да айтарлықтай көтерілді. Шынымды айтсам, ризашылығымызды қалай жеткізерімді білмей тұрмын»,

– деді «Достық» каналының технигі Жұмабек Тілеумбетов.

Нұржан Нұржігітов нысанды аралап, диқандармен тағы бір кездесу өткізді. Кездесу барысында шаруа қожалықтарының өкілдері суару кезеңі аяқталғаннан кейін «Достық» каналын механикалық әдіспен тазалау туралы ұсыныс білдірді.

«Су саласы мамандарының тынымсыз еңбегінің арқасында биыл еліміздің оңтүстігіндегі барлық бес облыста суару маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ете алдық. Суды пайдалану лимиттерін сақтау, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру және ылғалды көп қажет ететін дақылдардың көлемін қысқарту сияқты шаралар су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Биллинг жүйесін енгізу және келісімшарт жасау процесін цифрландыру суды бөлуді барынша ашық етіп, бүкіл су шаруашылығы саласында тәртіп орнатуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта да жұмысымызды осы бағытта жалғастырамыз»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Tags: «Достық» каналыНұржан НұржігітовСу ресурстарысуару маусымы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«ОТБАСЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ»

«ОТБАСЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

500 шетелдік автокөлік ЕАЭО кедендік аумағынан әлі күнге шығарылмаған

500 шетелдік автокөлік ЕАЭО кедендік аумағынан әлі күнге шығарылмаған

5 лет ago
Главу «Алматы Тазалык» подозревают в получении взятки

Главу «Алматы Тазалык» подозревают в получении взятки

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In