Атап айтқанда, сотпен ерекше талаптар белгіленген аудан тұрғыны мас күйінде рульге отырған. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (көлік құралын алкогольдік мас күйінде жүргізушінің басқаруы), ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамау) бойынша жауапқа тартылды.
Белгіленген шектеулерді есептегі тағы екі тұрғын бұзды. ҚР ӘҚБтК 449-бабы бойынша «нашақор» санаты бойынша есепке қойылған тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
«Есептегі элемент» облыс аумағында қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтау және профилактикалық есепке қою, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша одан әрі тексеру мақсатында жүргізіледі.
Фото: Жамбыл полицияся