• RU
Среда, 17 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты

Жобалар есебінен бюджетке 260 млн теңге салық түседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – еліміздің дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің айқын айғағы.

by Jasyn
16/09/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты
0
Жобалар есебінен бюджетке 260 млн теңге салық түседі
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Жолдауында ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім мен ғылымды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және жасанды интеллектті тиімді пайдалану мәселелері кеңінен қамтылды. Бұл – жаһандық сын-қатерлерге лайықты жауап әрі заманауи Қазақстанды құруға бағытталған нақты әрі батыл қадам.

Сонымен қатар, Жолдауда еліміздің тұрақты экономикалық өсімінің басты тетігі ретінде инвестиция тарту, өндірісті кеңейту және өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндеттері нақты көрсетілді.

Осы тапсырма аясында Төлеби ауданында бірқатар нақты жұмыстар жүзеге асырылуда. Ауданда отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы бизнес-орта қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту, индустриялық аймақтарды жандандыру бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынды.

2025 жылғы негізгі инвестициялық жобалар: Жалпы құны 6,5 млрд теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба іске асырылады. Нәтижесінде 180 жаңа жұмыс орны ашылады.

Атап айтқанда:

-«Тауэнерго» ЖШС – Қаратөбе ауылдық округі, Төңкеріс елді мекенінде қуаттылығы 3,2 мВт/сағ шағын ГЭС (2,5 млрд тг);

-«Jasyl Quat» ЖШС – Жоғарғы Ақсу ауылдық округі, Сарқырама елді мекенінде 2 мВт/сағ шағын ГЭС (1,5 млрд тг);

-«KAZPLAST» ЖШС – Леңгер қаласында жылына 90 мың дана қысқы жұмыс киімдерін шығаратын тігін фабрикасы (1,5 млрд тг);

-«З-Энергетик СНГ» ЖШС – Сарқырама елді мекенінде қуаттылығы 2 мВт/сағ шағын ГЭС (1 млрд тг).

Бұл жобалар есебінен жергілікті бюджетке 80 млн теңге салық түседі.

Инвестициялық әлеуетті арттыру мақсатында Киелітас ауылдық округінен 14 гектар жерге ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК салу жоспарлануда. Аталған жоба «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан қолдау тапты.

Паркте жалпы құны 20 млрд теңгені құрайтын 5 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл ретте 400 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жобалар тізімі:

-«Alpecon Group» ЖШС – жеміс-көкөніс шырындары мен пасталар өндіру зауыты (9,2 млрд тг, 130 жұмыс орны);

-«Зерде-Фарм» ЖШС – биологиялық белсенді қоспалар, коллаген, витаминдер, пробиотиктер өндіру (5 млрд тг, 180 жұмыс орны);

-«Smart Cab» ЖШС – кабельдік науалар шығару (2,8 млрд тг, 35 жұмыс орны);

-«Rich Style» ЖШС – кіші темір бұйымдары өндірісі (1,5 млрд тг, 25 жұмыс орны);

-«Green Chemical» ЖШС – тұрмыстық химия өнімдерін шығару (1,5 млрд тг, 30 жұмыс орны).

Бұл жобалар жүзеге асқанда жергілікті бюджетке 180 млн теңге салық түседі.

«Инвестиция – тек экономика емес, бұл – болашақ. Инвестиция тартудың тиімділігі тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Бұл – жаңа технологиялардың келуі, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, кәсіпкерлік белсенділіктің артуы және жастар үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуы. Инвесторлармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату, әкімшілік кедергілерді жою, «бір терезе» қағидатын енгізу – біздің күн тәртібіміздегі басты міндет» дейді бұл жөнінде Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов.

Төлеби ауданында цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға сапалы білім мен ІТ-дағдылар беру бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ауыл мектептерін интернетпен қамту, заманауи ІТ-инфрақұрылым қалыптастыру және жасанды интеллект элементтерін қолдануға алғашқы қадам жасау – дамуымыздың негізгі бағыты.

«Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағын айқындайтын маңызды құжат. Аудан жұртшылығының атынан Президенттің бұл стратегиялық бастамаларын толық қолдай отырып, оны жергілікті деңгейде іске асыруға барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.

Төлеби ауданы – инвестиция үшін ашық, серпінді дамып келе жатқан өңір. Біз бұл бағытта жұмысымызды жалғастырып, ауданымызды Түркістан облысындағы жетекші экономикалық орталықтардың біріне айналдыруға ниеттіміз» дейді Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов.

Фото: BAQ.KZ

 

 

Tags: бюджетинвестициясалықТөлеби ауданында цифрландыру
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жобалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған

Жобалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бір ай бұрын билет жоқ

Бір ай бұрын билет жоқ

1 год ago
Фонтанда адамдарды тоқ соғу оқиғасы: Eco Almaty жағдайды түсіндірді

Фонтанда адамдарды тоқ соғу оқиғасы: Eco Almaty жағдайды түсіндірді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In