Желіде балалар аттракционында көңіл көтеріп жүрген тәліптердің видеосы тарады

Желіде қолдарына қару ұстаған «Талибан» қозғалысы (Қазақстан, Ресей және басқа да бірқатар елдерде лаңкестік ұйым деп танылған) мүшелерінің ойын-сауық саябағында көңіл көтеріп жүрген видеосы тарады.

Evening Standard басылымының мәліметінше, Ауғанстандағы билікті өз қолына алған тәліптер 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын тойлап жатыр. Желіде жарияланған кадрлардан тәліптердің ойыншық көліктерге мініп, батутқа секіріп жүргенін байқауға болады. Одан бөлек, содырлар көңіл көтеріп жүрсе де, қаруын қолынан тастамағанын көруге болады.

Алдын ала болжам бойынша желіде пайда болған видеолар Кабул мен Герат қалаларындағы ойын-сауық саябақтарында және басқа да нысандарда түсірілген.

Желіде тараған тағы бір видеода тәліптердің спорт залында жаттығып жатқаны бейнелеген. Болжам бойына видео бұған дейін елден кеткен Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Гани отырған сарайдағы жаттығу залында түсірілген.

Next Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

500 Internal Server Error

Internal Server Error

The server encountered an internal error or misconfiguration and was unable to complete your request.

Please contact the server administrator to inform of the time the error occurred and of anything you might have done that may have caused the error.

More information about this error may be available in the server error log.


Web Server at aqjolaqparat.kz