• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастардың болашағы жарқын болуы үшін қауіптің алдын алу керек

Жақында Түркістан қаласы «Жастар ресустық орталығы» базасында «Ұлы даланың-ұлттық ойындары» тақырыбы аясында этноквест өтті.

by Jasyn
17/10/2024
in • Жастар саясаты
0
Жастардың болашағы жарқын болуы үшін қауіптің алдын  алу керек
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Этноквестке «Ассамблея жастары», «Жастар ресустық орталығы»-ның мамандары, «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастығы, жас мұғалімдер, жоба ассистенттері, «Жігерлі ел» ҚБ жастары қатысты.

Бағдарлама бойынша жастар Түркістан қаласының мәдени орталығы және киелі жерлері, салт дәстүрлерге байланысты, Түркістан туған өлке туралы мәліметтерді білу, атақты тұлғаны тауып, оның шығармашылығынан үзінді оқу немесе өмірбаянына тоқталып өту сынды тапсырмаларды орындау бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде барлық командалар этноквестке белсене қатысып, Тринта ЖҚ атынан сертификат табысталды. Орын алған «Шаңырақ», «Сұңқар», «Жастар» топтарына диплом, сондай-ақ «Шаңырақ» тобына ақшалай сыйақы берілді.

Ал, “Әзірет Сұлтан” Ұлттық музей-қорығы қасиетті Тайқазанның тарихи орнына оралғанына 35 жыл толуына орай, Түркістан облысы, Сауран ауданының жалпы білім беретін мектептерінде «Құт дарыған Тайқазан» атты көшпелі көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты – ортағасырлық құнды мұраларды дәріптеу арқылы жас жеткіншектерге тарихымызды таныту, олардың пайым-парасатын арттыру, өткен тарихымызға деген қызығушылығын ояту. 

Көрмеге 50-ге жуық жәдігер қойылды. Олардың қатарында Тайқазанды қайтару туралы архивтік тарихи құжаттар, Тайқазанның макеттері, орыс саяхатшысы А.Кунның альбомындағы 1864 жылғы фотосуреттер, 1935 жылы Тайқазанды Санкт-Петербургке алып бара жатқандағы мұрағаттық суреті, Эрмитаж музейінің экспозициясына қойылған бірегей фотосы және 1989 жылы Эрмитаж музейінен Тайқазанды шығарып жатқан сәтінің мұрағаттық суреті, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген тұлғалардың фотосуреттері бар.

Көрмеде Тайқазанның тарихи мекеніне оралуына мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің қосқан үлкен үлесі де тарихи құжаттармен нақтыланып, көрсетілді. Көшпелі көрме Молда Мұса және Әшірбек Сығай атындағы жалпы білім беретін орта мектептерде өткізіліп, мектеп ұжымы мен оқушыларының зор қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ, Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз» атты өміршең форум өтті. Жастарға, өскелең ұрпаққа берері мол тағылымды шараның шымылдығы нашақорлық індетінің зардабын бейнелейтін әсерлі қойылыммен түрілді. 

Аталған шарада алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов шараның маңыздылығына тоқталды.

— Нашақорлық — бұл тұтастай ұлтымыздың болашағына балта шабатын қауіпті індет. Бүгінде мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бөлігі жастарды жан-жақты қолдап, еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпаққа аса сенім артуда. Қазіргі таңда бұндай індет пен қоғам болып күресіп, жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда бұндай шараның маңыздылығы ерекше. Нашақорлық пен есірткі заттарына қарсы күрес бойынша жыл сайын түрлі акциялар өтуде. Қоғамдағы бұл қасіретті індетпен күресу үшін мейілінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыру баршамыздың басты міндетіміз. Дені сау, ұшқыр ойлы, саналы жастарымызды білімге баулып, ғасыр дертімен бірге күресейік,-деді.

Сонымен қатар, Созақ ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Талғатұлы және удандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев нашақорлық індетінің жай-жапсары мен оған қарсы полиция жұмысы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ елдің үмітін арқалап, мақтанышына айналған, жастарға үлгі-өнеге болып жүрген спортшы, еркін күрестен ересектер арасында КР-ның чемпионы, Азияның күміс жүлдегері, Джиу-джитсудан әлемнің 3 дүркін жеңімпазы, спорттың бірнеше түрінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Акбар Елубайұлы және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастар орталығының директоры Ақан Сәбитұлы жастарды білімге құштар болуға, спортпен шұғылдануға, руханият орталығының мәртебесіне лайықты, өнегелі болуға шақырды.

Кентау қаласында да «Есірткісіз жарқын болашақ» тақырыбында форум өтті. Шараға Кентау қаласының прокуратурасы мен қалалық полиция бөлімінің бірлескен бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Форумның ашылуы адам өміріндегі ғасыр дертіне айналған нашақорлықтың азабы мен өз өміріне қараңғылық әкелуі, адасуы, түрлі жағдайларды мысал еткен театрландырылған қойылыммен түрілді. Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар жайында бейнеролик көрсетілді.

Алқалы шарада алғыз сөзді алған қала басшысы Ж. Тасов ғасыр дертіне айналған нашақорлықты жоюға, ұрпақты сақтандыруға ел болып жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

«Есірткісіз қоғам құру–әрбір азаматтың алдында тұрған басты міндет деп есептеймін. Қала аумағында есірткі қылмысына қарсы профилактикалық іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп отыру қажет. Оған Сіз бен біз болып жұмысты жүйелендіріп, жастар, болашақ ұрпақ алдындағы жарқын өмір сүруіне қауіптің алдын алуымыз керек. Аталған мәселемен әр бір ата-ана, әр бір ұстаз, әр бір азамат күресуі тиіс. Мемлекет басшысы атап өткен дейсинтетикалық есірткінің өндірісі мен таралуына қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы тиіс. Сонда ғана бұл мәселе түбегейлі шешімін табатын болады.

Ендеше, осы форумда айтылған ойлар, ұсыныстар ғасыр дертімен күресте өз септігін тигізеді деген сенімдемін» деді Жандос Қалмырзаұлы.

Жиын барысында спикер ретінде келген елге белгілі азаматтар, сондай-ақ сала мамандары қажетті мағлұматтарды баяндап, профилактикалық сұқбат жүргізіп, өмірлік жолдарында кездескен түрлі ойларымен бөлісті. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселеге айналған нашақорлыққа тосқауыл қою, есірткіге қатысты қылмыстарды болдырмау, алдын алу бойынша пікір ақпараттар айтылды. 

Жиын соңында шараға қатысушылар ұйымдастырылған форумның маңыздылығына тоқталып, елдің жарқын болашағы жастарды нашақорлықтан сақтануға, есірткіге қарсы қылмыстарды болдырмауға, алдын алуға аға буынның атқарар жұмысы аса маңызды екені айтылды. Бұл бойынша жұмыстар күшейтіліп, тиісті құрылымдар алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Agrofest Túrkistan — 2024» салтанатты шарасы өтуде

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Agrofest Túrkistan - 2024» салтанатты шарасы өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

34 отбасы баспаналы болды

34 отбасы баспаналы болды

7 месяцев ago
Азық-түлік бойынша ең жоғарғы баға өсімі Жамбыл облысында тіркелді

Азық-түлік бойынша ең жоғарғы баға өсімі Жамбыл облысында тіркелді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In