• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

«Жастар практикасы» талай жасты жарылқап жатыр

Жуырда Түркістан облысы Қазығұрт аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

by Jasyn
27/11/2024
in • Жастар саясаты
0
«Жастар практикасы» талай жасты жарылқап жатыр
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жәрмеңкенің өтетіні туралы «Жастар ресурстық орталығының» әлеуметтік парақшаларында күні бұрын хабарланды. Осылайша ауыл округтері мен аудан орталығы аумағында өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша тұратын жастарға жоғарыда аталған жәрмеңке мен еңбекке орналастыру бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Иә, жастарды жұмыспен қамту басты міндеттің бірі болып табылады. Осы орайда елімізде қолға алынып жатқан маңызды жұмыстар жетерлік. Бұл бағыттағы жұмыстарда жастарға қамқоршылық қызмет көрсететін «Жастар ресурстық орталығы» бар. Ол әр аудан орталығында орналасқан. Бұл ұйымның негізгі мақсаты – жастарға қолдау білдіру. Ең біріншіден сервистік жағынан көмек көрсету болып табылады. Өйткені қазіргі таңда түрлі ақпараттық көмекке зәру жастар баршылық. Жастардың ішінде жеке кәсіппен айнасқысы келген немесе қосымша жұмыс істегісі келетін, я болмаса түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қол жеткізуді қалайтын жастар бар. Міне соларға ақыл-кеңес беретін мекеменің біреуі ол осы «Жастар ресурстық орталығы».

Сонымен бірге жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шараларды өткізуге мұрындық болатын да осы — жастар орталығы. Сондықтан мемлекет осы орталық арқылы жастарға үлкен қолдау көрсетіп отыр. Жастарды жұмыспен қамту қандай маңызды болса, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да сондай маңызға ие. Себебі киімі көктік, тамағы тоқтық аздырар адам баласын демекші, кейде қолдың бостығы да жастарға кері әсерін тигізіп жатады. Қызық қуу мақсатында жастар бір нәрсеге ұрынып соңында өкініп қалып жатады. Әсіресе бос уақытта жастар жаман әдеттерге тез бой алдырып қалуы мүмкін. Соның ішінде есірткі жасқа ғана емес, тұтас қоғамға қауіпті. Ең жаманы қазір жастар арасында синтетикалық есірткі түрі кең тарап кеткен. Ол денсаулыққа өте зиян. Оған бір үйренген адам қайтып одан бас тарта алмай қалады. Соңында есірткінің түбіне түсіп, қалайда соны табу үшін небір жаман жолдарға барады. Мұндайдың алдын алу үшін жастар орталығы тиісті мамандармен бірлесіп, рейдтерге шығып тұрады. Мектептерге техникалық колледждерге барып түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкені өткізудегі басты мақсат – ол  NEETсанатындағы жастар санын азаиту және жұмысқа жарамды, мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмыспен қамту. Айта кету керек, Қазығұрт ауылында өткен жәрмеңке «Шектеусіз мүмкіндік» тақырыбында ұйымдастырылды. Оған барлық санаттағы жастар қатысты. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жастар да болды. Қатысушы жастар тиісті мамандардан өздеріне қажетті мәліметтермен ақпараттанып, көп мағлұматқа қанықты. Әсіресе мемлекет тарапынан ұсынылатын түрлі қолдаулар мен бағдарламалар жөнінде сұраған жастар жағы көп болды. Одан бөлек жәрмеңкеде нақты кәсіптер мен мамандықтар бойынша жұмыс орындары ұсынылды. Соның нәтижесінде мамандығы мен біліктілігі сәйкес келген жастар өздеріне керекті жұмысты тауып кетіп жатты.

«Жастар ресурстық орталығының» Қарабау ауыл округі бойынша өкілі Малика Кенжееваның айтуынша, аталған ауыл округінде 14 пен 35 жас аралығында 2050 жас бар.

– Биыл университет бітіріп келген 6 жасты «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа орналастыру қолға алынды. Аталған бағдарлама бойынша жас маман бір жылға уақытша жұмыс орнына орналасады. Осы бір жыл ішінде мемлекет сол жас маманның айлық-жалақысын өзі төлеп тұрады. Үшбұлақ ауылының тұрғыны, Өскеменде университет бітіріп келген жас жуырда аудан орталығында пошта саласына қызметке «Жастар практикасымен» жұмысқа тұрды. Квота бойынша Көкшетау қаласында ағылшын пәні мұғалімі мамандығымен диплом алып келген тағы бір жас Жұмысшы ауылындағы Алма Оразбаева атындағы мектепке «Жастар практикасымен» мұғалім болып жұмысқа орналасты. Сондай-ақ Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін тәмамдаған жас маман Сынтас ауылындағы Жамбыл мектебіне жолдамамен тарих пәнінің мұғалімі болып істемекші. Қалған үш жас маман жұмыспен қамту орталығына тіркеліп тиісті жұмыс орындарына енді жолдама алады. Жалпы ауыл округінде neet санатындағы жастар жоқтың қасы десек болады. Себебі олардың көпшілігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Бірі құрылыс саласында жұмыс істесе, екіншісі көлік айдап такси қызметін көрсетеді. Былайша айтқанда, қарап жатқан ешкім жоқ. Бәрі қал-қадірінше еңбек етіп жатыр. Ал neet санатындағы жастар көбінесе үйінде жатып еш жерде жұмыс істемейтін азаматтар. Олар негізінен мүмкіндігі шектеулі жандар болып келеді. Соның өзінде мемлекеттік бағдарламалар аясында оларды да жұмысқа тұрғызуға тырысамыз, – деді жастар орталығының Қарабау ауыл округі бойынша маманы.

Жастар еліміздің болашағы болғандықтан мемлекет жастарды ешқашан өз мәселесімен жеке дара қалдырмайды. Керісінше қолдан келгенше көмек беруге тырысады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір Жолдауы мен кездесулерінде үнемі айтып отырады. Мәселен, «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенді жас мүшелерімен болған кездесуде Президент ақылды, еңбекқор, талантты та талапты жастарға мемлекет тарапынан қамқорлық әрдайым жалғаса беретінін жеткізді. «Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың еңбекқорлық қағидатын ұстануы маңызды. Сырттан көмек күтудің қажеті жоқ. Қазір заман басқа, яғни маңызды шешімдердің уақыты, серпіліс жасайтын сәт. Жастар болмаса, мұнымен кім айналысады? Қазір Илон Масктың тәжірибесі мен өмірлік ұстанымын үлгі ету үрдіске айналды. Иә, ол отбасымен бірге шалғай провинциядан Америка Құрама Штаттарына келді. Өзінің креативтілігінің, батылдығының, өзіне тән ерекшелігінің арқасында “Илон Маск феноменін” қалыптастыра алды. Мұндай мысалдар өте көп. Жақында Мен Нью-Йоркте Американың жоғары оқу орындарын бітіріп, америкалық компанияларға жұмысқа орналасқан жастарымызбен кездестім. Мен оларға: “Біз сіздерді Қазақстан азаматтары деп білеміз. Сіздер – қазақсыздар. Нью-Йорк немесе Еуропа елдері болсын, әлемнің дамушы елдері болсын, қай жерде жұмыс істесеңіз де, қазақ болып қаласыздар” деп айттым. Абай кезінде “толық адам” деген терең ұғымды енгізді. Абай заманынан оза туды. Ол “толық адам” туралы білім, түсінік, қоғамның қажеттілігі тұрғысынан айтты. Қазір ағылшынша айтылып жүрген “a person of іntegrіty”, яғни барлық қарым-қабілеті мен білімі тоғысқан адам дегеніміз осы. Сондықтан біз бәріміз “толық адам”, жауапты азамат болуға тырысуымыз керек. Шын мәнінде, біз қоғамымызда тәртіп пен заң үстемдігі культін орнатуға ұмтылуымыз керек. Менің міндетім – еліміздің заңдары әділ болғанын, адамдардың ол заңдарға сенуін қамтамасыз ету. Осы заң аясында қоғамымызда тәртіп болуын талап етеміз.  Белсенді азаматтық әрекет арқылы сіздер, біріншіден, мемлекетке пайда әкелесіздер, екіншіден, өздеріңізді таныта аласыздар. Қалай болғанда да, біз мамандар іріктелетін, сәйкесінше уақыт өте келе мемлекетті басқару жауапкершілігін арқалай алатын өте қабілетті адамдар шығатын ашық қоғамға қарай қадам басып келеміз. Сіздердің араларыңызда келешекте депутат немесе министр болатын, тіпті мемлекетіміздің президенті болатын азаматтар отыр деп ойлаймын»,– деген болатын Мемлекет басшысы.

Бүгінде республикада NEET санатындағы жастардың үлесі 6,3% құрайды. Аталған көрсеткіш – Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Италия және басқа да елдердегі жағдаймен салыстырғанда, бізде біршама төмен. Осыған қарамастан Үкімет NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша әлі де болса жүйелі шараларды қабылдап келеді.

Бұл ретте Қарабау ауыл округінде жұмыссыз жастарды еңбекке тарту мақсатында біршама шаруалар атқарылуда.

Фото: www.gov.kz

Tags: «Жастар практикасы»бос жұмыс орындар жәрмеңкесіжастар саясатыжастарды жұмыспен қамту
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мейірімді жастардың жақсылығы баршаға үлгі

Мейірімді жастардың жақсылығы баршаға үлгі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Биыл батыс өңірлерде қанша әлеуметтік нысан салынады?

Биыл батыс өңірлерде қанша әлеуметтік нысан салынады?

3 года ago
Бұл жастарға отбасының құндылығын түсінуге мүмкіндік береді

Бұл жастарға отбасының құндылығын түсінуге мүмкіндік береді

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In