Iс-шараның мақсаты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Аталмыш шара барысында полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдармен «қорғау нұсқамасы», «ерекше талаптар», «маскүнем», «нашақор», «қолайсыз отбасы»санаттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударуда.
Сондай-ақ, полицейлер азаматтарға құқық бұзушылық жасағаны үшін қандай жазалау шаралары қарастырылатынын түсіндіреді. Сонымен қатар қорғау нұсқамасы шығарылған не ерекше талап қойылған азаматтардың белгіленген шектеулерді сақтауы тексеріледі.
— Жалпы, іс-шара барысында 400 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша ІІО профилактикалық есебінде тұрған 950 тұлға қамтылды. Бұрын есепте тұрмаған 20-дан астам тұлға анықталып, тізімге қойылды. Отбасы тұрмыстық қарым-қатынастарда құқық бұзушылықтарға жол берген 58 тұлғаға қатысты қорғау ұйғарымы,
сот шешiмiмен 10 адамға мінез-құлқы бойынша ерекше талаптар орнатылды.Сондай-ақ, қиын өмір жағдайындағы 8 отбасы анықталып, көмек көрсетілді, — деді Жамбыл облысы ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ержан Мананбаев.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы Полиция департаментi азаматтардан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда “102” арнасына немесе әйелдердің құқығын қорғау бөлiмiнiң +77074630623 сенiм телефонына хабар берудi ұсынады.