• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Жамбылда өз еркімен үйден кеткен 200-ден астам кәмелетке толмағандар ата-аналарына қайтарылды

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Жамбылда  өз еркімен үйден кеткен 200-ден астам кәмелетке толмағандар  ата-аналарына қайтарылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Талдауға сәйкес, жасөспірімдердің кетуінің негізгі себептері отбасындағы жанжалдар, ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің  бақылауының болмауы, олардың жұмыспен қамтылуы және балаларының өмірі мен мүдделеріне немқұрайлы қарауы болып табылады.

Мысалы, ағымдағы жылдың 27 қазанында екі 16 жасар қыз облыс орталығының оқу орындарынан шығып, үйлеріне оралмады. Ата-аналары мен туыстары полициядан көмек сұрады.

Баланың үйден кетуі бойынша «Дабыл» командасымен  ПД-ның барлық жеке құрамындағы полиция күштері жұмылдырылып, тиiстi қаражат жұмсалды. Қоғамдық белсенділер мен еріктілер қосылды.

Іздеу шаралары барысында қыздар табылып, ата-аналарына берілді. Кәмелетке толмағандар отбасылық жанжалдан кейін үйден кеткені анықталды.

Статистикаға сәйкес, көбінесе 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер кетеді. Бала — шын мәнінде өте осал және қорғансыз. Бала үйден алғаш рет кеткен кезде ата-ананың өз мінез-құлқына мән беруi маңызды, ол бастапқы кезеңде жағдайды түзете алады, отбасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіреді.

— Болған оқиғаға тек бір баланы кінәлау мүмкін емес. Бұл мәселеде ата-аналар маңызды рөл атқарады. Үйден кету — ата-аналар мен балалар арасындағы байланыстың болмауының салдары. Егер сіздің балаңыз үйден кетіп қалса немесе кетемін деп қорқытса – бұл жағдайларды елеусіз қалдырмаңыз. Алғашқы кету баланың психологиялық күйiн  және оның отбасымен байланысын бұзады. Баланың мінез-құлқы — бұл отбасындағы жағдайдың көрінісі. Балаларға өз қалауыңызды, бақылауыңызды енгізуге тырыспаңыз, балаларды қолдау және қабылдау қажет. Әрқашан олармен сөйлесіп, олардың сізге өте қымбат екенін түсіндіріңіз — деді полиция майоры, арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Әлішер Қалышев.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларының мінез-құлқына мұқият болуға және олардың уақытын бақылауға шақырады.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес заңды өкілдерге қатысты іс материалдарын сотқа бере отырып, әкімшілік жауапкершілік көзделгенiн ескертеміз.

Tags: кәмелетке толмағандар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігін тапсыру мерзімдері туралы ескертті

Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігін тапсыру мерзімдері туралы ескертті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандық әйелдердің орташа неке жасы аталды

Қазақстандық әйелдердің орташа неке жасы аталды

3 года ago
Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылды

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In