📊 Рейдтің бірінші күнінде полиция қызметкерлері 496 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.
⚠️ Апаттылыққа тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 8 дерегі, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 15 дерегі, сондай-ақ міндетті техникалық байқаудан өтпеген көліктерді пайдаланудың 49 жағдайы анықталды.
🚨 Сонымен қатар қарсы қозғалыс жолағына шығудың 2 дерегі және көлік құралын мас күйінде басқарудың 6 жағдайы тоқтатылды.
🚗 Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша 39 көлік құралы айып тұраққа қойылды.
📌 Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап, жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Фото: Ақмешіт жастары


