Іс-шара аясында облыс жолдарында полиция қызметкерлері прокуратура қызметкерлері, өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы және БАҚ өкілдерімен бірлесіп борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізуде.
— Профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінің нәтижелері бойынша өндіріп алынған қаржы көлемі 7 миллион 737 мың теңгені құрады. 437 борышкердің мекенжайын аралау жүзеге асырылды. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес мамандандырылған тұраққа 59 борышкердің автокөлігі қойылды, — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев.
Әкімшілік айыппұл салынған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес, азамат жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50% -ын төлеуге құқылы. Осы мерзім өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық сомаға салынады. Әкімшілік айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуге тиіс.
Айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткен жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру үшін әкімшілік материал сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға, ал әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл болған жағдайда оны уақтылы төлеуді ескертеді.