Бұрын есірткі сақтағаны үшін сотты болған Алматы облысының тұрғыны ұсталып, одан салмағы 700 грамнан асатын «героин» есірткі затының 2 полиэтилен пакет тәркіленді. Күдікті әйел өз кінәсін толық мойындады.
Тәркіленген партия 1500-ден астам адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
— Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 286-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы) және 297-бөлігі 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді,- деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.