• RU
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Көші-қон

Жамбыл облысы халқының жартысынан астамы ауылдарда тұрады

Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе - Көші-қон мен демографиялық өсім екені түсінікті. Өйткені көші-қон үрдісі елдің әлеумет¬тік-экономикалық, демографиялық және аумақтық тұрақты дамуының маңызды факторының бірі болып саналады.

by Jasyn
01/08/2025
in • Көші-қон
0
Жамбыл облысы халқының жартысынан астамы ауылдарда тұрады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлан-ғайыр жерді алып жатқан кең байтақ республикамыз үшін көші-қон саласында тиімді мемлекет­тік саясат ұстану, оны дәйектілікпен жүзеге асыру – экономикалық, демографиялық тұрақты дамумен қатар, еліміздің қауіпсіздігіне де қатысты өзекті мәселе.

2025 жылдың 1-маусымындағы мәліметтерге қарағанда Жамбыл облысында тұратын халық саны 1 220,5 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар – 537,3 мың адам, бұл жалпы тұрғындар санының 44 пайызы. Ал, ауыл тұрғындары – 683,2 мың адам. Бұл жалпы тұрғындар санының 56 пайызы деген сөз.

Осылайша Жамбыл облысында халықтың табиғи өсімі 2025 жылғы қаңтар-мамырда 5816 адамды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш – 7135 адам болатын.

Жақында Үкіметте көші-қон саясатын жетілдіру мәселелері қаралды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде көші-қон саясатын жетілдіру мәселелерін тағы бір пысықтады.

Онда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова баяндама жасады. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов елдегі көші-қонды бақылауды жүйелеу жөніндегі шаралар туралы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев көші-қон саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау туралы баяндады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, 2023 жылдан бастап Қазақстанда көші-қонның оң сальдосы тіркеліп отыр. Бұл еліміздің тұруға және жұмыс істеуге деген тартымдылығы қалпына келгенін көрсетеді. Халық көп келген өңірлер Павлодар, Шығыс Қазақстан, Атырау, Алматы және Ақмола облыстары, сондай-ақ Алматы, Астана қалалары болды.

Премьер-министр жаһандық геосаяси өзгерістер мен миграциялық ағындардың күшеюі жағдайында халықтың көші-қон мәселесі аса маңызды басымдыққа айналып отырғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, нақты реттелетін көші-қон саясатын қалыптастыру керек. Ол үшін нормативтік құқықтық базаға аудит жүргізіп, мемлекеттік органдардың көші-қон саласындағы функционалдық мүмкіндіктеріне талдау жасау қажет. Заңсыз көші-қон, өңіраралық диспропорция және көші-қон ағындарын бірыңғай есепке алудың болмауы сияқты барлық өзекті мәселелер бойынша жүйелі әрі кешенді шешімдер қабылдануға тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, Жамбыл облысында 2025 жылғы қаңтар-мамырда туылғандар саны 8794 адамды құраған. Яғни, 2024 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,1 пайызға кеміді. Қайтыс болғандар саны 2978 адамды құрап, 2024 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 3,9 пайызға азайды.

Осылайша көші-қонның теріс айырмасы — 7726 адаммен қалыптасып, (2024 жылғы қаңтар-мамырда – -6271 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда теріс көші-қон айырмасы – -108 адам (-130), ішкі көші-қонда теріс көші-қонның айырмасы – -7618 адам (- 6141 адам).

Жалпы алғанда еліміздің заман талабына сай өркендеп, алға басуы өңірлердің тұрақты дамуына байланысты. Осы орайда әр облыстың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындауда ішкі еңбек бөлінісіндегі орны мен ерекшеліктері ескеріле отырып, өсіп-өркендеуге жол ашатын нақты шараларға баса мән беріледі. Осы тұрғыда мемлекеттік маңызы зор, өзекті мәселелердің бірі – ішкі көші-қонды реттеу.

Әртүрлі өңірлер, қалалар мен ауылдар арасындағы еңбек диспропорциясы, теңгерімсіз урбанизация, демографиялық ахуал қазіргі таңдағы өзекті мәселелер болып саналады.

Фото: Астана Ақшамы

 

 

 

Tags: Жамбыл облысыкөші-қон саласыкөші-қон саясатын жетілдіру
Jasyn

Jasyn

Next Post
Еңбек етсең — ширайсың

Еңбек етсең -- ширайсың

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады – Үкімет басшысы

2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады – Үкімет басшысы

4 года ago
Шымкентте тұмау өршіп тұр

Шымкентте тұмау өршіп тұр

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In